You are here

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры<br>Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлы

  3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов, 1960 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1985 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген.

   Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1985 жылдың шілдесінде Жамбыл облысының Жаңатас қалалық прокуратурасында тағылымдама өтуден бастаған. Жамбыл облысының Жаңатас қаласы мен Луговой аудандық прокуратурасының аға тергеушісі, Жаңатас қаласы прокурорының және Жамбыл көлік прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

 1997-1998 ж.ж. аралығында конкурс негізінде Қырғыз Республикасының Талас облысының әкімдігінің құқықтық және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Маймақ» еркін-экономикалық аймағының Бас дирекциясының төрағасының орынбасары лауазымында болған. 

  1998 жылғы ақпанынан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бөлімінің аға прокуроры мен бөлім бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасының 1, 2 Департамент бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

  2012-2016 ж.ж. Қызылорда облысының прокуроры.

  2016 жылдың маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының прокуроры.

 Кадрларды іріктеу мен орналастыру, жас мамандарды тәрбиелеу мен практикалық жұмыс тәжірибесін үйрету мәселелеріне ерекше назар аударады.

  Келесі оқу-құралдары мен монографияларын жазып шығарды:

- «Как защитить свои права- Құқығыңызды қорғай білесіз бе?» 2 тілде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің полиграфиясы баспасы. 1999ж. (қадағалау қызметінің басты салаларының практикалық тәжірибесі, практикалық және әдiстемелiк ұсынымдар, қолданыстағы заңнамалар бойынша сұрақтар мен жауаптары көрсетілген);

- «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау», «Өлке» ЖСШ баспасы 2002ж.;

- «Атырау және Қызылорда облыстарының экологиялық паспорты» «Өлке» ЖСШ баспасы 2002ж., 2013ж;

- «Прокурордың үстел кітапшасы» әдіснамалық оқу-құралы, қадағалау саласының 4 бағыты бойынша 24 томда. «Фолиант» баспасы, Астана қ. 2013 ж.

  С. Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының Прокуратурасының Құрметті қызметкері, «Қорқыт - Ата» атындағы ҚМУ-нің алтын медалі табысталған.

  Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін  2-дәрежелі «Айбын», 2-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, сондай-ақ бірнеше мерекелік медальдарымен марапатталды.

   Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының, әділет министрінің, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасының иегері.

   Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.