You are here

«Әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруғандығы үшін жаза»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

16 тамыз 2017 жылы Орал қалалық сотымен А.Абдужаббаров «бірнеше рет, көпшілік алдында, әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттерді, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасына қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығы мен кемдігін насихаттау жолымен жасау арқылы ауыр зардаптарға әкеп соғатын» қылмыстық құқықбұзушылықты жасағандығы үшін, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болды.

Сотпен анықталғаны, 2004-2006 жылдар аралығында Абдужаббаров, еліміздің батыс өңірінде «Орал, Ақтөбе қалаларында» діни білімі аз діндар адамдардың, соның ішінде дінге жаңадан бет бұрған жастардың көп екенін ескеріп, олардың арасында қайталап, діни араздық пен алауыздық қоздыруға  бағытталған қасақана іс-әрекеттерді бірнеше рет жүзеге асыруға кіріскен.

         Сөйтіп, Абдужаббаров жастарға «намаз оқымайтын адамдарды кәпірге шығарумен сондай адаммен сойылған мал етін жеу харам» деген уағыздарын айтқан.

21 қыркүйек 2017 жылғы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен, сот үкімі өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Осы жасаған қылмысы үшін Абдужаббаров өзі сотталып қана қоймай, оның уағыздарына ілескен ҚР-ның жас жігіттері дінге деген көз-қарастары бөлініп, қылмыс жасауға дейін барып, елімізде діни алауыздықты қоздырған.

Қылмыстың соңы жаза.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.