You are here

Батыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының

Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

 

    Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы өткізілді. Оның жұмысына құқыққорғау және уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ бейнеконференц байланысы арқылы аудан прокурорлары мен ішкі істер органдарының бастықтары қатысты.

    Отырыста 2017 жылдағы конституциялық құқықтарды қорғау және олардың статистикалық шынайлылығы, «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын іске асыру тиімділігі талқыланды.

     Құқыққорғау органдарының басшылары мен прокурорлардың есептері тыңдалды.

   Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуының негізгі себептері ашылып, тергеу мен қадағалаушы прокурор арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл тәсілдері, оның ішінде заңның бұзылуының себептері мен жағдайларын жою, статистикалық шынайлылығын қамтамасыз ету призмасы арқылы қылмыстық процесті оңтайландыру және сандық форматқа өту бойынша нақты қадамдар әзірленді.

    Үйлестіру кеңесінің төрағасы жиналысқа қатысушыларға Бас Прокурордың прокурор заңдылықтың сақталуына кепіл болып табылады және жергілікті жерлерде азаматтардың қорғалуы дәрежесі оның уақытында әрекет етуіне байланысты, деген тапсырмасын жеткізді.

    Кеңестің қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Батыс Қазақстан облысы

прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.