You are here

Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.А. Нұрпейісовтің ҮНДЕУІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокуратура туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, мынадай үндеу жасаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жариялады. 

Қазақстан бұрынғы кеңестік елдер арасында алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен қарсы тұратын арнай мемлекеттік орган құрды.

Жемқорлық мемлекет басқару жүйесін бұзатын қазіргі замандағы неғұрлым кең таралған қауіпті көріністердің бірі.

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысының аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны төмендеп келеді.

2014 жылы жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 50, 2015 жылы - 43, 2016 жылы - 36 лауазымды тұлға сотталды, 2017 жылдың 9 айында - 26. Бірақ жағдайды статистикамен ғана бағалауға болмайды, сыбайлас жемқорлық бұл -  қауіпі көп қызығушылық індеті.

Пара алғаны және бергені үшін он бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жемқорларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды, рақымшылық жасауға тыйым салынған. Яғни жаза мерзімін толық өтейді.

Сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғалар мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағандарды жұмысқа алу мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларының 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуына әкеледі.   

Жемқорлықтың неғұрлым жағымсыз және «моральдық жағы», ол - қылмыстың қоғамға кең жариялануы, қылмыскердің туысқандары, бала-шағасы медиа және БАҚ арқылы еріксіз куәгерге айналуы. Олар туралы да ойлау қажет, олар сол қоғамда әлі өмір сүреді.

Бар әлем сыбайлас жемқорлықпен соғыс жариялады, түрлі механизмдер қолдануда.

Біздің мемлекет те шетте қалмақ емес. Біз жаһандық цифрландыруға келе жатырмыз және жақын арада мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында жеке байланыс азайып, мемлекеттік органдардың қызметі ашық болады. 

Осы принциптерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж.Қ. Асановтың тапсырмасы бойынша облысымызда алғаш рет енгізілген мемлекеттік аппаратты автоматтандыруды және барлық жерде сандық жүйеге көшуді көздейтін «Таза қол - Чистые руки» пилоттық жобасын іске асырамыз. Бұл сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы-шарттарын түпкілікті жоюға,  сыбайлас жемқорлық қатерлерін алып тастауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі бар қоғамның белсене ат салысуына байланысты».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа Барлық қоғамды жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру арқылы тарту - 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басты міндеті.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын сенімді ұстанып отыр. Бұл үшін жыл басынан бастап «Өзіңнен баста! - Начни с себя!» жобасы іске асырылуда.

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлері!

Барлығымыз «халық қызметшілерінің» ең басты басымдығы - бұл тұрғындарлың сенімі екенін түсінуіміз қажет. Патриотизм, Отанға қызмет ету, заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет кез келген бастамаларымызда біздің серігіміз болуы тиіс.

Ақпараттық технологиялар ғасырында біз үшін керемет мүмкіндіктер ашылуда. Бүгін жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең қарапайым тәсілі - ол туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлау.

Барлығымыз жақсы өмір сүргіміз келеді. Әрқайсысымыз өзіміздің қаламызды, өңірімізді, елімізді мақтан тұтқымыз келеді, бірақ ол үшін біз өзіміз өзгеруіміз тиіс.

Бізден үлгі алыңыздар. Осы жылдан бастап еліміздің Бас Прокурорының бастамасымен прокуратура органдарында Өзгерістер бағдарламасы іске асырылуда және 2018 жылға қарай прокуратура жемқорлықтан түбегейлі арылмақ, ведомстваның жұмысы қазіргі заманға бейімделіп, кез келген қазақстандыққа түсінікт болады.

Тек қана ой-санамызды өзгерту арқылы және күшімізді біріктіре отырып біз бірге сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя аламыз. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.