You are here

Прокурорлар селолық округтердің тұрғындарын тыңдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Орал қаласының прокуроры А.Қ.Байымбетовпен ағымдағы жылдың 26-сы мен 28-і қыркүйегі аралығында Круглоозерный, Зашаған, Желаев селолық округтерінің және Деркөл ауылының тұрғындарын жеке қабылдау жүзеге асырылды.

Анықталғаны, Серебряково ауылының тұрғындары үшін бүгінгі күні бау-бақша және мал жаю үшін жер телімдерін алу мәселесі алдыңғы орында тұр.

Жеке қабылдау барысында азаматтарға жер заңнамасының негізгі нормалары және «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 06.05.2016 жылғы №248 Жарлығының нормалары түсіндірілді, оған сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын ұсынуға мораторий енгізілген болатын.

Сондай-ақ, уақтылы құқықтық көмек көрсетудің нәтижесінде бау-бақша қауымдастығының төрағасымен азаматтардан жер учаскелеріне төлем түріндегі негізсіз талаптардың алды алынды, себебі аталған жер учаскелері мұрагерлікпен берілген болатын.

Деркөл ауылының тұрғындары үшін халықтық пайдалану тауарларының ұрлану фактілері және осы фактілер бойынша жазылған арыздар негізінде қозғалған қылмыстық істердің сөзбұйдаға салынуы проблемалы мәселе болып отыр.

Тұрғындардың бұл өтініштері назардан тыс қалған жоқ және қазіргі уақытта қалалық прокуратурамен өтініш иелерінің қатысуымен қабылданған процессуалдық шешімдердің заңдылығы тексерілу барысында.

Осындай жеке қабылдаулар Тасқала ауданының прокуроры селолық округтерде өткізіп және тиісті түсіндірулер жүргізілді.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.