You are here

Облыс прокурорымен тұрғындармен кездесу жалғасуда.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокурорымен тұрғындармен кездесу жалғасуда. - 158435112

А.ж. маусым айында Зеленов ауданының Дарьян ауылында облыс прокуроры С. Нұрпейісовтің, аудан әкімі К. Жакуповтің, Зеленов ауданының прокуроры З. Саралеевтің, Приуралье полиция бөлімінің бастығы Р. Мусиннің қатысуымен «Ашық есік күндері» акциясы шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, аудан және жақын маңдағы ауылдық жерлерден 25-тен астам азамат өздерінің көкейкесті мәселелерімен жүгінді.

Акцияның мақсаты тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңи кеңес пен көмек көрсету болып табылады.

Шара барысында азаматтар еңбек, жер, тұрғын –үй саласындағы бұзушылықтар, тергеу органдарының әрекетсіздігі, сот актілерінің орындалмауы, кінәлі тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерін жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы  және т.б. мәселерімен жүгінді.

 Азаматтардың көпшілігіне қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Жекелеген жағдайларда, облыс прокурорымен арыз берушілердің мәселелері сол жерде шешімін тапты.

Жеке қабылдауға болған А. есімді азамат тұрғын-үй алу және жұмысқа орналасу мәселесімен келіп жүгінген болатын. Арыз беруші бас бостандығынан айыру орнынан шыққаннан кейін түзелгендігін айтып, алайда қазіргі уақытта жұмыссыз болғандықтан, қиын жағдайға тап болғандығын мәлімдеді.

Дәл осы күні, «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің жұмысшылары оны «АлатауАльданАгро» ЖШС-не жұмысқа орналастырды.

Сондай-ақ, оған 20 мың теңге шәкіртақы төлене отырып, «Самал» ЖШС-не «В,С» санатына автокөлік жүргізуге оқуға жолданылды.

«Зеленов аудандық  ТКШЖК және АЖ бөлімі» ММ-мен арыз иесін уақытша тұруын ұйымдастыруды айқындау туралы жеке бағдарлама әзірленді.

А.Махновскийдің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен, ол әкімшілік құқық бұзушылық жасамағандықтан, оны әкімшілік жаапкершілікке тарту туралы мәліметті алып тастау туралы талабы қанағаттандырылды. 

 Э. Каполованың қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ғимарат салуға жер телімін ұсыну туралы мәселесі шешімін тапты.

Жеке қабылау нәтижесінде өндірісті тоқтату және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін үзу туралы 5 негізсіз шешім бұзылды. Олардың тергелуі ерекше бақылауға алынды.

Облыс әкімінің атына Рубеженское және Шынаров ауылдарының тұрғындарының өтініші бойынша Орал-Январцев тас жолдарын түзеу кезінде айналма жолын жасау туралы ақпараттық хат жолданылды.

Облыс прокурорымен аудан тұрғындарының өтініші бойынша аудан әкімінің назарына жол сапасының төмендігі, орман мен қорық аймақтарын қорғау бойынша жұмыстың ұйымдастырылмауымен байланысты орын алған жағдайды шешу үшін шаралар қабылдау айтылды.

Жалпы алғанда азаматтар акицяның ұйымдастырылуын оң бағалап, көрсетілген көмек үшін жүрек жарды алғыстарын білдірді.

Тұрғындармен кездесуді ұйымдастыру басқа да аудандарда жүргізілетін болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.