You are here

Меморандумға қол жеткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Алимент төлемеуге қарсы 30-қадам» жобасы аясында, Бөкей ордасы ауданы прокуратурасының бастамасымен 28.09.2017 жылы аудан әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-нің басшысы, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар бірлесе отырып, «Алименті өндіру бағытында өзара ықпалдасу жөнінде» Меморандумға қол жеткізді.

Меморандумның мақсаты – алимент берешегі миллион теңгеден асқан борышкерді және алимент бойынша берешегі бар борышкер үш айдан астам уақыт жұмысқа орналаса алмай жүрген борышкерді жұмыспен қамтамасыз ету.

Сот орындаушыларға – аталған санатқа жататын борышкерлердің тізімін жасап, құзырлы органға жұмыспен қамтамасыз ету үшін жолдау болып табылады. Ал, құзырлы орган борышкерді тексере отырып, егер де аталған санатқа жататын болса борышкерді кезектен тыс жұмыспен қамту міндеттілігі жүктеледі.

Осындай нәтижелі жұмыстардың қорытындысымен – алимент берешегі бар борышкерлерді 25 %-ға азайту жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.