You are here

Мақала: «Жаңа Заңмен жаңа талаптар айқындалды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» жаңа Заңы (әрі қарай - Заң) күшіне енді.

Осы Заңмен прокуратура органдарымен қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тізімі айқындалды.

Заңның 21 бабына сәйкес, қазіргі уақытта прокуратура органдарымен өтініштер келесі негіздер бойынша қаралады:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша;

2. 1, 2 топ мүгедектерінің; сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалардың; жетім балалардың, физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, соның ішінде:

а) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

б) мүгедек балалардың;

в) заңды өкілдерімен өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері анықталған ретте, балалардың;

г) әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалардың;

д) психикалық ауытқулары бар, сондай-ақ психиатриялық, психоневрологиялық ұйымдардағы тұлғалардың;

е) наркологиялық қызмет көрсететін медициналық және медициналық-әлеуметтік ұйымдардағы тұлғалардың;

ё) балаларының қамқорлығынсыз қалған, зейнетақы жасына келген тұлғалардың.

3. Егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, шектелмеген адамдар қатарының, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін.

Бұл ретте, өтініштердің осы санаттары (Президенттің тапсырмаларынан басқа) келесі жағдайлар орын алғанда ғана қаралады:

- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтар немесе олардың орын алу қаупі туындаған ретте;

- өтінішті қарау құзыретіне жататын уәкілетті мемлекеттік органның қызметінде мүдделер қақтығысы орын алса;

- уәкілетті мемлекеттік органмен өтініш қаралған және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауап болған ретте.

Қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамада белгіленген өтініштер бұрынғы форматта қаралады.

Сол себепті, өтініштердің басқа санаттары бойынша азаматтарға уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну қажеттілігі түсіндіріледі.

Орал қалалық прокуратурасының

аға прокуроры

Жанар Иманғалиева

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.