You are here

ҚСжАЕБ бөлім бастығы Ержан Нығметұлы Мұхитовтің "Электрондық қылмыстық іс" - жобасы туралы баяндамасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ел Басымыздың халыққа жолдауында Үкіметке "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырғандығын өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты Комитетпен ҚР БП-ның тапсырмасы бойынша "Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімі" базасы аясында "Электрондық қылмыстық іс" модулы қалыптастырылуда.

Э-қылмыстық іс ол өз кезегінде арыздың тіркелуінен сол қылмыстық іс бойынша сот қарауынан өтіп, үкім шыққанша барлық процесті электрондық форматқа ауыстыру болып табылады.

Мұндай электрондық іс жүргізу әлем елдерінде кеңінен қолданыста деп айтуға болады. Атап айтқанда Сауд Арабиясы, Оң Корея, Эстония, Турция, АҚШ, Австрия, Нидерландия, Дания т.б. елдерде жүзеге асырылуды. Өз кезегімізде осы жоба аясында тәжірбие алмасу мақсатында Қазақстандық делигация Түрік еліне барып қайтты.

         Ол не береді:

- Сыбайлас жемқорлықты алдын алып, қылмыстық істі тергеу барысында бұрмалаушылыққа жол бермейді;

- Қағаз бастырлықтан арылуға;   

- Қылмыстық іс қатысушыларына (куә, айыпты, адвокат т.б) тұлғаларға істің жүргізілу барысындағы ашықтықты қамтамассыз етеді.

- Істің тергелу мерзімін едәуір қысқартады деп күтілуде.

Енді осы мүмкіндіктерге толығырақ тоқталып өтсек. Істің электронды түрге айналуы жана айтып өткендей бұрмалаушылыққа жол бермейді, себебі жасырын емес қазіргі таңда қылмыстық іске тігілген қағаз құжатты ауыстыруға немесе өзгертуге болады, ал электрондық түрге ауысқан кезде бір салынған шешім өзгертуге жатпайды.

         Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша соншама көп қағаз пайдаланылып, олардың көшірмелері жасалатындығын білесіздер, ол бұл жерде барлығы цифрлық қол қоюмен бекітіліп  электронды түрде жүзеге асырылатын болады.

Бастысы қылмыстық процесс қатысушыларына барлық процедуралар ашық көрнекі болады. Яғни айыпталушы немесе куә, адвокаттар қылмыстық іспен онлай түрде танысып мән-жайды дер кезінде көріп біле алады. Ол үшін тергеуші қылмыстық іс қатысушыларына айқындап оларға арнайы тек сол қылмыстық іс бойынша онлайын қарау мүмкіндігін беріп құпия сөзбен қорғалған кілт береді.

 Істердің тергеу мерзімі қысқаратындығы, ол экспертиза қортындылары экспертке тікелей электронды түрде жолданады және жауабы тікелей тергеушіге түсіп отырады. Одан басқа тұлғаға қатысты мүліктік және басқада сұраныстар электронды түрде осы модульға арнайы қосылған СИОПСО не болмаса Әділет органдарының мәліметтерін онлайн түрде тез алады.

Келесі бір жақсы тұсы прокурорлық қадағалау тиімді болады. Яғни бұрынғыдай істі сұратып қарамай прокурор іске онлайн кіру арқылы оның тергелу барысының кез-келген кезеңінде кемшіліктер анықтаса тікелей тергеушіге нақты бағыттар бере алады. Ал тергеуші өз кезегінде аяқталған қылмыстық істі прокурорға электронды түрде жібере алады.

 Бұл жаңашылдықты енгізу 3 кезеңнен тұрады деп есептелуде:  

- 1- кезең негізгі процессуалдық құжаттарды электрондық түрге айналдыру. Ол іс бойынша қолданылатын қаулыларды (сезікті деп тану, ұстау, істі қысқарту туралы т.б ) құжаттарды мүмкіндігінше цифрлық форматқа ауыстырып шаболдарын енгізу болып табылады. Бұл 70 пайыз құжатты электронды ауыстыру ал 30 сканировать етуге қалады деген сөз.

- 2- кезең қылмыстық іс бойынша санкциялау жұмыстарын электронды түрге ауыстыру.

- 3-кезең барлық қылмыстық процесті электронды түрге айналдыру. Соның ішінде онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтарды және күдікті өз еркімен жасаған қылмысын мойындаған жағдайларды толық электрондық форматпен аяқтау.

Азаматтарға не болмаса адвокатқа іс бойынша материалдармен танысу үшін ЭЦП, арнайы рұқсат тергеуші не болмаса қадағалаушы прокурор беретін, содан кейін ғаламторға қосылған компьютер, наутбук, планшет немесе смартфон болса жеткілікті.

Э-қылмыстық іс аясында ішкі істер органдарына қылмысқа қатысты тұлғаларды СМС арқылы шақыру жұмысы да осы база аясында біріктіріліп отыр. Бұл жерде ұялы байланыс опператорларымен келісе отырып қылмыстық іс қатысушыларына тегін рассылка жіберу қарасырылуда.

Сонымен бірге қылмыстық іс бойынша құжаттарға азаматтардың қол қойуын қамтамасыз ету мақсатында стилус апараттарымен қамту жұмыстарыда қолға алынатын болады.

Жобаны енгізуде қылмыстық қудалау органдарымен бірлесе отырып бірнеше түйткілді мәселелерді шешу міндеттері тұр:

- Қылмыстық қудалау органдарын тиісті техникалық жабдықтау (компьютер, сканер, бейне камералар, стилус,  жақсы байланыс каналы )

- Осы жобаның нақты жұмыс жасау механизімі бойынша методика жасап бекіту. Ұйымдастыру шараларын алу, оқыту, үйрету, бейімдеу сияқты жұмыстарды ұйымдастыру.

Сонымен қатар, аталған жоба Республика бойынша Жамбыл, Павлодар, Атырау, Астана және БҚО пилотты түрде енгізу жоспарланып отырғандығын айтып өту қажет. Пилот біздің облысымызда осы жылдың шілде айында қосылады деп күтілуде. Алғашында ІІД-ті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті қосылады деп жоспарлануда.

Осы бағытта дайындық барысында біздің басқармамен облыс прокурорының қолдауымен барлық құқық қорғау органдарын жинап "Э-қылмыстық іс" жобасының жалпы жұмысы туралы бірнеше кездесулер, семинар-кеңестер өткізілді. Бөрлі аудандық ішкі істер органдарының техникалық дайындығы және оларға да оқу үйрету шаралары өткізілді.

Облысымыз бойынша құқық қорғау органдарының дайындығы.

Қазіргі таңда ІІ органдарын соның ішінде ЖПҚ-ін техникалық қамсыздандыру мақсатныда қаржы қажет екендігі барлығыңызға белгілі, себебі ішкі істер органдарында көптеген компьютерлер тозығы жеткен, сонымен бірге сканер, камера, телевизор сияқты құралдарды алу үшін біраз қаражат керек.

Осы мақсатта Облыс Әкіміне ұсыныспен шығып Әкімнің түсіністік танытуы мен көрсеткен қолдауы арқасында жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесі мақұлданды. Қазіргі таңда ІІД-ті мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысуда.    

 Айтып өтетін тағы бір жай "Э-қылмыстық іспен" қатар пилот кезінде істі қағаз түрінде қоса жүргізу қарастырылған. Егер пилот кезінде барлығы сәтті өтсе келер жылдың басынан аталған жоба Республика бойынша іске қосылатын болады.

ҚСжАЕБ бөлім бастығы  Ержан Нығметұлы Мұхитов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.