You are here

Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жобасы іске қосылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Батыс Қазақстан облысының әкімімен а.ж. 2 қазанда «Қауіпсіз жол - Безопасная дорога» жобасы мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің «Қауіпсіз қоғамға 10 қадам»  бірлескен жобасы шеңберінде облыстық Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2017 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес дайындалды.

Жобаның басты мақсаты - жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) салдарынан қаза болғандар мен жарақаттанғандар санын азайту.

Жоспар 30 нақты шарадан тұрады, соның ішінде жол қозғалысын басқару саласында жаңа технологияларды ендіруді көздейді.

Жобаны 2018 жылдың аяғына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Жобада айқындалған нақты нысаналы индикаторлар мынадай:

1) 2017 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тұрғынға ЖКО санын 65-ке дейін, 2018 жылы 60–қа дейін азайту;

2) қаза болғандар санын 2017 жылы 12 адамға дейін (100 мың тұрғынға), 2018 жылы 10-ға дейін азайту;

3) жарақаттанғандар санын 2017 жылы 80 адамға дейін (100 мың.тұрғынға), 2018 жылы 75-ке дейін азайту;

4) облыстық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстаудың кешенді көрсеткішін 60%-ға (2018 жылы), республикалық – 90%-ға ұлғайту;

5) облыстық және республикалық маңызы бар жолдардағы апаттық-қауіпті учаскелерді азайту.

Перспективті индикаторлар: 2019-2020 жылдары жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамиканы сақтау. 

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.