You are here

«Ұялы телефондар ұрлығы профилактикасының жай-күйі».

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұрлықтармен күрестің тиімділігін арттыру үшін Бас прокуратурамен 2016 жылдан бастап «Ұрлықтарға тосқауыл» жобасы, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы прокурорының бастамашылығымен дайындалған, меншік құқығын қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрес туралы ведомствоаралық жоспар жүзеге асырылуда.

Қалалық прокуратура уәкілетті органдармен бірлесе отырып ұрлықтың профилактикасына бағытталған бірқатар іс – шараларды жүзеге асыруда.

Бүгін, 2017 жылдың 12 мамырында Орал қаласының прокуроры А.Рашидовтың төрағалығымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының, ұялы операторлар өкілдерінің және ұялы телефондарды сату, айырбастаумен шұғылданатын сауда нүктелері иелерінің қатысуымен «Ұялы телефондар ұрлығы профилактикасының жай-күйі» тақырыбына арналған ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Орал қаласының прокуратурасымен 2017 жылдың 4 айына жүргізілген талдау барысы көрсеткендей, қалада жасалған әрбір үшінші ұрлық ұялы телефондармен байланысты - 486 (592), 17,9%-ға төмендеген. Ұялы телефондардың ұрлану проблемасы қайталама айналымның болуына байланысты өзекті болып қалуда. Бұл ретте, небәрі 22% немесе 109 қылмыс қана ашылған.

Біздің азаматтардың басым көпшілігі үшін телефон ақпараттар мұрағаты болып табылады. Адамдар девайста тек қана маңызды телефон нөмірлерін ғана емес, сондай-ақ құпия сөздерді, пин-кодтарды, сканерленген құжаттарды, қосымшаларды, фотоларды, бейнемұрағаттарды және т.б. сақтайды.

Бір ғана құрылғыда жекелеген адамның және отбасының өмір тарихы сақталуы мүмкін. Телефонның бәлкім құны жоқ болуы мүмкін (кейбір смартфондарды шартпен тегін алуға болады), алайда онда жинақталған ақпарат – баға жетпес құндылыққа ие.

Байланыс құралдарының қол жетімділігі, байланыс қызметі құнының төмендеуі және оларға қызмет көрсету аймағының ұлғаюы аясында телефондарды, компьютерлік техникаларды және т.б. ұрлаудың пропорционалды түрде ұлғаюы байқалады.

Қылмыстардың бұл санатының ұлғаюының шарты ретінде иемденіп алу, жасырын түрде ұрлау тәсілінің күрделі болмауы, оларды сатудың қиын болмауы болып табылды. Бұл ретте, ұрланған телефондардың ұялы байланыс операторларының кез келгенімен сим-картаны қою арқылы қолдану мүмкіндігін ескеріп өту қажет.

Талдау жүргізілген кезеңде 157 (124) телефон қоғамдық орында, 72 (38) пәтерлерде, үй-жайларда, жатақханаларда; 64 (32) сауда-саттық орындарында; 32 (43) түнгі клубтар мен мейрамханаларда; 17 (24) автокөліктерде; 9 оқу орындарында және 5 медициналық мекемелерде ұрланған.

Әдеттегідей, тұрғын-жайлардан телефондар еркін қол жетімділікпен, яғни ұрыларды пәтерлерге иелерінің шақыруы нәтижесінде ұрланған. Мұндай  58 (72-ден) ұрлық жасалған.

Қаладағы тіркелген пәтер ұрлықтарының санының әрбір бесіншісі ұялы телефондарды ұрлаумен байланысты - 72 (308-ден).

Мобильді телефондарды ұрлаудың неғұрлым криминогенді орны қоғамдық көліктер болып табылады (157 немесе 32,3%). Егер бірінші жағдайда, ұялы телефондар азаматтардың сенімі негізінде ұрланған болса, ал қалған жағдайларда ұрлықты жасаудың себебі ретінде ұялы телефон иелерінің бейқамдылығы, сондай-ақ көңіл көтеру орындарында спирттік ішімдіктерді ішудің салдарынан мас болу күйінде қырағылықты жоғалту болып табылады.

Мәселен, қоғамдық көліктегі, базарлардағы, офистердегі және қызметтік кеңселердегі барлық ұрлықтар жәбірленушілердің қалталары мен сөмкелеріне ұрылардың еркін түрде қол жетімділігі нәтижесінде жасалған. Көңіл көтеру орындарында ұрлықтар үстелдерден ұрлау арқылы жасалған.

Ұрланған ұялы телефондардың 69%-ы жәбірленушілердің қалталарынан ұрланған.

17 ұялы телефон ұрлығы автокөліктердің салондарында және тек 9 ретте ғана кілтті ашу немесе есікті бұзу арқылы, ал қалған ретте ұрлықтар автокөлік салонына еркін түрде ену арқылы жасалған.

Қоғамдық көлікте ұялы телефондар ұрлығы жұмыс күндері, автобус салондарында адам көп болған кезде, яғни таңертеңгі уақытта 8.00-мен 10.00 сағат аралығында, ал кешкі уақытта 16.00 мен 20.00 сағат аралығында жасалады.

Ұрланған ұялы телефондардың 169-ының құны 50 000 теңгеге дейін, 199-ы 50 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін, ал 100-і 100 000 теңгеден жоғары.

Мұндай ұрлықтар жеке тұлғаларға қатысты жасалады, басым көпшілігінде жәбірленушілер ретінде әйел адамдар (324 немесе 66,6%), сонымен қатар мектеп оқушылары болып табылады. Ер адамдармен ұрылар байланыспайды.

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекет ету үшін жергілікті атқарушы органдармен және ұялы телефондарды сату, айырбастаумен шұғылданатын сауда нүктелерінің иелерімен, өзге де қоғамдық құрылымдармен өзара тығыз қарым-қатынаста жүргізілетін тиімді профилактикалық жұмыс қажет.

Кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды және сәйкесінше органдарға тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Орал қаласының прокуратурасымен қоғамдық орындардағы, соның ішінде қоғамдық көліктерде жасалатын ұрлықтардың санын азайту мақсатында, азаматтардың қырағылығын арттыру үшін тұрғындармен қауіпсіздік және сақтық шаралары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.