You are here
«Табиғатты бірге сақтайық» жобасы шеңберінде семинар өткізілді.


Бүгін Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының қолдауымен «Қалдықтарды басқару саласын заңнама талаптарына сәйкестендіруін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелері» талқыланған оқыту семинар өткізілді. Шара «KazWaste» Қазақстан Ассоциациясының сарапшыларын шақыра отырып, «Табиғатты бірге сақтайық» қалдықтарды басқару бойынша күрделі мәселелерді шешуге бағытталған жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.
Шараның мақсаты- қалдықтарды басқару саласында жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеу болып табылады.
Семинарға аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен қайта өңдеушілер қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу