You are here

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Форумның баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Форумның баспасөз ақпараты - 666618987

2017 жылғы 27 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен прокуратурасының бастамасымен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Форум өткізілді.

Шараға жергілікті мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары, облыс мәслихатының депутаттары, азаматтық қоғам институты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев қатысты.

Форумның қатысушылары мәселенің өзектілігін атап, облыста сыбайлас-жемқорлық және оның пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы қабылданған шараларды, оларды қоғамның өмірінен жою тәсілдерін талқылады.

Облыс прокуроры сыбайлас жемқорлықты азайту үшін прогресивті  идеялар мен тәсілдер керек екендігін айтты.

Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған әдістер және «Таза қол-Чистые руки» пилотты жобасының жүзеге асырылуы мақұлданды.

Форумның қорытындысы бойынша облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ресми үндеуін баяндады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.