You are here

«Сот актілерінің заңдылығын және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету бойынша қадағалаудың жай-күйі туралы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық сот қадағалауының негізгі бағыты сапалы түрде апелляциялық наразылық пен мемлекеттік айыптауды қолдау, сонымен қатар заң бұзушылықтарға тиімді түрде ықпал ету болып табылады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде прокурорлар 438 қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

2016 жылдың 23 желтоқсанынан бастап, «ҚР егемендігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңы негізінде облыс соттарымен 83 тұлғаға қатысты рақымшылық қолданылды. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған-1, әйел адамдар қатысты-3, қалған-79 ер адамдарға қатысты.

Рақымшылық келесі санаттардағы құқықбұзушылық бойынша қаралды:

1.     қылмыстық теріс қылық-20;

2.     онша ауыр емес қылмыстар бойынша-24;

3.     орташа дәрежелі қылмыстар бойынша-24;

4.     ауыр қылмыстар-20.

Экстремизм мен терроризммен байланысты қылмыстық істер прокуратура органдарының үнемі бақылауында. Бұл санатты барлығы 8 тұлғаға қатысты 6 қылмыстық іс қаралды. Барлық қылмыстық істер бойынша сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Себебі бұндай қылмыстар бойынша баламалы жаза түрі Заңмен қарастырылмаған.

Бұндай қылмыстық істер көбіне дiни алауыздықты қоздыру, терроризмді нәсихаттау мен байланысты болып келеді.

Алайда, біздің облысымызда терроризм актісіне дайындалу бойынша 1 қылмыстық іс және террористік әрекетке азғыру дерегі бойынша 1 қылмыстық іс қаралды.

Мысалға, 2017 жылдың 19 сәуірінде Орал қалалық сотының үкімімен, «Х» есімді азамат террористік әрекетті, дiни алауыздықты қоздыру және мемлекеттік шекараны қасақана кесіп өту дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Ол азамат жалған құжаттарды жасап, ҚР шекарасын қасақана кесіп өтіп, Украинаға барып, ол жақтан Стамбул қаласына ұшып кеткен.

 Стамбул қаласына, Карағанды және Атырау облыстарының тұрғындарын «ИГИЛ-ДАИШ»-қа қосылуға азғындаған.

         ***********

Бұдан басқа прокуратурамен жемқорлық қылмыстары үнемі бақылауда.

Бүгінгі күнге дейін, облысымыздың соттарымен 13 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс қаралды, барлығы бойынша айыптау үкімдері шығарылды.

Мысалы, 2017 жылдың 18 наурызында, Орал қалалық сотының үкімімен Баязитов және Шайхиев ҚР ҚК-тің 366 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, мүліктері тәркілене отырып, (7 жылға, 7 жыл 6 айға), бас бостандықтарынан айыру жазасына сотталды.

Сотпен анықталғаны, олар лауазымды тұлға бола тұра, алдын-ала келісіп, азамат Ли жазасын жеңілдету туралы Орал қалалық сотына ұсыныс жолдағанын біле тұра, соңғыдан 200 000 теңге пара талап еткен, кейін аталған сомма сотталушылардың есеп-шотына аударылған.

Аталған жаза келесі негіздер бойынша тағайындалды:

1.     сотталушылар өз кінәларын мойындамауы;

2.     жасаған қылмысы үшін өкінбеуі;

3.     жаза тағайындау бойынша, сот процессінде Баязитов пен Шайхиев қысымшылық көрсетті жәбірленушінің көрсетуі.

Қазіргі кезде сот үкімі заңды күшіне енді.

А.ж. 27 сәуірінде Орал қалалық сотының үкімімен, спорт басқармасының бастығы Шаяхметовке, мектеп директорларынан ақша бопсалағаны, яғни қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғындығы үшін, мүлкі тәркілей отырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі қазіргі кезде заңды күшіне енген жоқ.

Басты сот талқылауында, сотталушыдан және оның қорғаушысынан процессуалдық келісім туралы ұсыныс түскен болатын.

Орал қалалық прокуратурасымен бұл ұсыныстан бас тартылды, себебі, сотталушы Шаяхметов бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған, алайда онымен жасалған қылмыс бойынша баламалы жаза көрсетілмеген.

Субъектілер бойынша: құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен (қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері) – 5 (38%); білім саласында – 2 (15%); әкімдік қызметкерлері – 1 (7%); басқалары -5 (38%) құрайды.

Жемқорлық қылмыстары пара алу және сенімді теріс пайдалану қылмыстары бойынша қызметкерлердің арасына кездеседі.

13 тұлғаның ішінде – 6 бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, 4 тұлғаға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалып, рақымшылық Заңымен негізгі жазадан босатылды.

Айта кететіні, 2 сотталушыға (Уразбаева мен Алимоваға) тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы рақымшылық Заңының негізінде жаза мөлшері қысқартылды.

Сонымен қатар, 3 сотталушыға айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

         ********

Басқару тәртібіне қатысты қылмыстарда қазіргі кезде алаңдатуда.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде, билік өкілін қорлау бойынша 7 тұлға сотты болды. Билік өкіліне бағынбау бойынша – 4 тұлға, билік өкіліне күш қолдану бойынша – 5 тұлға сотты болды.

А.ж. 14 наурызында Орал қалалық сотының үкімімен, бұрын сотталмаған, жұмысы және жанұясы бар, Шуравлев ҚР ҚК-тің 293 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 379 бабы 1 бөлігі, 380 бабы 1 бөлігімен, кінәлі деп танылып,  2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. Процессуалдық шығындар 229 514 тенге мемлекет пайдасына өндірілді.

Сотталушының жауабына сәйкес, 2016 жылдың 17 желтоқсанында, ол өз туыстарымен 4 сағат бойы сыра ішкен. Содан «Узбечка» кафесіне барып, ішімдік ішуді жалғастырған. Есін тек полиция бөлімінде жинаған, полиция қызметкеріне дене жарақатын қалай келтіргендігін есінде қалмағанын айта кеткен жөн. Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. Сот үкімі заңды күшіне енді. Осылайша оның ішідік ішуі сотты болуына әкеліп соқты. 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.