Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 6 айында қала аумағында 4500 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1% аз.

Алайда жалпы қылмыс азайғанмен, алаяқтық деректерінің 6,9% (420-дан   449-ға дейін) көбейгендігі анықталды.

Жүргізілген талдаумен, тіркелген алаяқтық қылмыстарының тек бір тәсілмен, жиhаз қою және жасаумен байланысты жүзеге асырылғандығы анықталды.

 Мысалы, Т.есімді азамат   «OLX» сайтында тапсырыс бойынша жиhаз дайындайтыны туралы хабарландыру жариялаған. Кейін ол азаматтармен жалған келісім –шарт жасасып, алдын –ала 30% төлетіп алып, жасырынған.

Осылайша, қаламыздың 98 тұрғыны оның «қақпанына» түсіп, оларға жалпы 15 млн. теңге материалдық шығын келтірілді.

 Осыған байланысты, қала тұрғындарына абай болуына, жұмысшының мәліметтерін салық органдарында оның кәсіпкер ретінде тіркелгендігі туралы нақтылап сұрауын, сондай-ақ бұдан бұрын жасалған жұмыстарын тексеруін қаперіне саламыз.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.