Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі уақытта прокуратура органдарымен «Арыз- мемлекеттік қызметкердің индикаторы» жобасы іске асырылуда. Жобаның міндеті- шағымға ықпал ету тетігін жетілдіру, азаматтардың тарапынан мемлекеттік билік институттарына сенімін жоғарылату болып табылады.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиімді, объективті және жан-жақты қарауға бағытталған жүздеген шаралар қолға алынып, жүргізілді.

Қызметтік міндеттерін адал орындаған облыс прокуратурасының қызметкерлерінің атына азаматтардың алғыс хаттарының келіп түсуі, оның бірден-бір дәлелі.

Жекелеп алғанда, ҚР Бас прокуратурасына О. Ниязовадан оның «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын-үй алу кезіндегі конституциялық құқықтарының қорғалғаны үшін облыс прокуроры С. Нұрпейісовке және оның қызметкерлеріне алғыс білдірілген хаты келіп түсті.

Облыс прокуратурасына Бөрлі ауданы прокуратурасының прокуроры А. Баймұқашеваның атына прокурорлық шара қабылдау арқылы арыз берушінің пайдасына алимент бойынша 700 мың. теңгеден астам борышты өндіріп беріп,  өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз түрде орындағаны үшін А. Бахтанованың алғыс хаты келіп түсті.

Д.В. Николаенкоға айыппұлды заңсыз салу дерегінің алдын алғаны үшін облыс прокурорының аға көмекшісі Б. Ахметжанның атына алғыс хат келіп  түсті.

Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғағаны, заң бұзушылықты анықтағаны,  жолын кескені үшін Орал қ. прокуроры А. Рашидовке, Бөрлі ауданының прокуроры Ж. Аманбаевқа, Зеленов ауданы прокурорының орынбасары Б. Сүйіншәлиевке, облыс прокуратурасының 1-басқармасының прокуроры А. Жұмағұловке, Орал қ. прокуратурасының бөлімінің аға прокуроры А, Мерекеге, Бөрлі ауданының аға прокурорлары З. Құрмангалиевке, Е. Бердіғалиевке арналған алғыс хаттар келіп түсті.

Өз кезегінде, облыстық прокуратура органдары қызметтеріне баға берген азаматтарға алғысын білдіреді.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.