You are here

«Пробация кабинеті» сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесудің тиімді тетігі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Пробация кабинеті» сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесудің тиімді тетігі - 451680017

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек барысында туындалатын мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың кешенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тасқала ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы және пробация қызметімен меморандумға жасақталды.

Осы меморандумды іске асыру шеңберінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті «бір көзден»  көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңында «Пробация кабинеті» ашылып, жұмыс жасауда.

Пробация кабинетінің мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету болып табылады. 

Пробация кабинеті арқылы 11 сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету көмек көрсетілді, соның ішінде 8 адамға тегін медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп,5 адам жұмыспен қамтылды, 1  адам оқуға жолданды.

Пробация кабинеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңынан ашылуы бизнес субъектілерімен сотталғандарды жұмыспен қамтуға және  сотталғандардың өздері кәсіпкерлікпен айналысуына ыңталандыруға қол қабыс болады. Яғни, пробация кабинеті арқылы өзінің ісін бастағысы (жеке кәсіптерін ашуға) келетін сотталғандарға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлікті ашу бойынша кеңестер береп, құжаттарды рәсімдеуге, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы несие алу үшін құжаттарды жинақтауға көмек көрсетіледі.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

«Пробация кабинеті» сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесудің тиімді тетігі - 864172925

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.