You are here

«Оралда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды сол жерде төлеуге болады»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Оралда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды сол жерде төлеуге болады» - 152584326

Орал қалалық прокуратурасының бастамасымен Орал қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің және «ForteBank» АҚ Орал қалалық филиалының арасында өзара серіктестік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

 Аталмыш серіктестіктің мақсаты POS-терминалдар арқылы төлем карточкаларын қолданып, әкімшілік айыппұлдарды төлеудің тәртібін оңтайландыру болып табылады.

Бұл қажеттілік қоғамдық тәртіп және жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұлдарды төлеу жүйесін оңтайландыру арқылы әкімшілік өндіріс саласындағы азаматтардың мүдделерін сақтау қажеттілігінен туындап отыр.

 Төлеудің қысқартылған тәртібі сұранысқа ие, және а.ж. 17 қарашасындағы жағдай бойынша қала бойынша 98 млн.теңгеден астам сома өндірілген.

Алайда, ағымдағы жылы айыппұлды төлеудің қысқартылған тәртібі қолданылған 950 жағдайда бұл құқық көлік иелерімен түрлі себептерге байланысты жүзеге асырылмаған, соның ішінде банктердің кассалары мен терминалдардың алшақ болуынан, кейін түбіртектерді полиция органдарына алып келу қажеттілігінен.

Бұл өзгеріс көлік иелерінің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді және қала тұрғындары үшін өзге де қолайлы жағдайды туғызады. Қолма-қол емес есеп айырысу – бұл дамыған елдерде бірнеше жылдың шегінде тәжірибе жүзінде қолданылған ыңғайлы әрі заманауи тәсіл болып табылады. Құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған және кінәсін мойындаған тұлғалар үшін айыппұлды сол жерде төлеу арқылы автоматты түрде өндірістің толығымен аяқталуы арқылы 50 % қысқартылған тәсіл қолданылатын болады. Бұл ретте, көлік жүргізушілері бұрынғы айыппұлдарын да төлей алады.

Терминалдар кез келген банкомат карточкаларын қабылдап, екі түбіртек беретін болады: біреуі – жүргізушіге, екіншісі – полиция қызметкеріне.

Осы серіктестіктің аясында қаладағы тәртіп шегінде тұратын 22 патрульдік экипаж, соның ішінде 2 «Автоурган» шағын автобусы POS-терминалдармен жабдықталатын болады

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.