You are here

Орал қалалық прокуратурасында азаматтарды және өтініштерді қабылдау тәртібі оңтайландырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қалалық прокуратурасымен облыстық прокуратураның «Шағым – мемлекеттік қызметкердің индикаторы» атты жобасын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтарды және өтініштерді қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді.

Прокуратураға күн сайын жүгінетін азаматтар санының өсуі осы бағытта түбегейлі шаралардың қабылдану қажеттігін көрсетті.

Сол себепті, жұмысты оңтайландыру үшін азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау жөніндегі жеке бірлік бөлініп, оған 20 жылдан астам прокуратура органдарында еңбек өтілімі бар қызметкер тағайындалды.

Азаматтарды қабылдау тәртібінің өзгеруі бір аптадан соң өзінің оң нәтижелерін беріп, олардың мәселелерін жедел шешу арқылы қалалық прокуратураға апта сайын түсетін арыз-шағымдардың санын 69-дан 24-ке, немесе 65%-ға төмендетуге қол жеткізілді.

Мысалы, 08.09.2017 жылы қала прокурорының жеке қабылдауында ф.Е-2 (сезікті ретінде тану туралы) карточканы полиция қызметкерімен қате енгізу туралы мәселемен азамат М. болды, ол өз кезегінде 8 жылдың шегінде жұмысқа орналаса алмаған және құқық қорғау органдарының барлық сатыларына жүгіну оң нәтижелерін бермеген.

Тек қана қалалық прокуратураның араласуынан соң қылмыстық іс қалпына келтіріліп, қазіргі уақытта арыз иесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының есебінен алынып, оның құқығы толығымен қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азаматтарды қабылдау орталығын ашуға қатысты жұмыстар жүргізілу барысында.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.