You are here

Облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасымен 6 айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 1 жарты жылдығында әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты нығайту бойынша нақты жұмыс жасалды.

124 тексеріс жүргізіліп, 1 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды, оны жою үшін 212 прокурорлық акті енгізілді.

 9 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен 19 заңсыз акт өзгертілді және бұзылды, оның ішінде 1 нормативтік құқықтық акт, 780 тұлғаның конституциялық құқығы қорғалды, 274 азамат әртүрлі жауапкешілікке тартылды.

Мемлекеттік бюджетке 2,1 млрд. теңгені қайтару қамтамасыз етілді.

Қоғам үшін өзекті болып табылатын күрделі мәселелерді шешуде жобалық менеджмент қағидаты сәтті қолданылуда.

Облыс әкімдігімен бірлескен 6 жоба іске асырылуда: Әлеуметтік дауларды шешудің картасы, «Таза қол - Чистые руки» (сыбайлас-жемқорлыққа қарсы), мал ұрлығы және кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы іс-қимылдың жол картасы, «Табиғатты бірге қорғайық», «Өзіңнен баста».

 Мемлекет мүддесін және азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше назар аударылуда.

Бизнесті қорғаудың өзекті мәселелері Республикалық бизнес-омбудсмен мен облыс әкімінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысында қаралды.

Облыс әкімдігімен өңірде бизнесті дамытудың егжей-тегжейлі жоспары жасалды. Жергілікті атқарушы органдар аукцион жүргізу арқылы кәсіпкерлер арасында жер телімдерін бөлуді бастады. Ақпараттық-жер жүйесі жасақталуда.

Ықпал ету шараларымен 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуден және оны тағайындаудан заңсыз бас тарту тоқтатылды, осылайша олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

 30,5 млн. теңгеге 177 жұмыскердің алында жалақы бойынша берешегі өтелді.

Сыбайлас-жемқорлық жасаудың 2 дерегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылық жасаудың 17 дерегі анықталды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау саласында жүйелі түрде жасалған заң бұзушылықтар анықталды. Келтірілген залал 337 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 14 материал тіркелді. 1 тұлға сотталды, 4 іс ақталмайтын негіздерге байланысты тоқтатылды. 3 ұсыныс бойынша 31 млн. теңгені өндіруге шаралар қабылданды.

Тұрғын-үй заңнамасының сақталуына қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың қызметінде көптеген заңбұзушылықтар анықталды. 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.

Орал қ. прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Құмар ойынсыз қала» жобасы өз мәресіне жетті.

Облыс орталығы қызметін лицензиясыз жасап келген, заңсыз ойын автоматтары мен букмерлік кеңселерінен тазаланды.

10 объекті жабылды. 100-ден астам құрылғы алынды. 13 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 4 тұлға сотталды.

Үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыз көші-қон бойынша қабылданып жатырған шаралардың тиімділігі қаралды.

Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткені үшін шетелдіктерді жауапкершілікке тартпау, құқық бұзушылықты дұрыс сараламау, шетел азаматын Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс шығару бойынша уақтылы шара қабылдамаудан көрінген бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Оған ішкі істер органдары мен шекара қызметі қызметкерлерінің арасында нақты іс-қимылдың жоқтығы ықпал етіп отыр.

Нәтижесінде, 2017 жылға арналған Батыс Қазақстан облысындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимиыл бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.