You are here

Облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасымен 6 айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарымен құқық қорғау органдарының қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді үйлестіру үшін қажетті шаралар қабылданды.

Тіркелген қылмыстың саны 15 % ( 7564-тен 6432-ге дейін) азайды.

Оның ішінде аса ауыр қылмыс түрлері 4,2% (24-тен 23-ке дейін), ауыр қылмыс 15,7% (445-тен  375-ке дейін), ауырлығы орташа қылмыс 9,2% ( 4694-тен  4264-ке дейін), онша ауыр емес қылмыс 23,6% (1011-ден 772-ге дейін), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 17% ( 53-тен  44-ке дейін), абайсызда кісі өлтіру 75% (16-дан  4-ке дейін), қарақшылық 79,2% (24-тен 5-ке дейін), тонау( 231-тен 174-ке дейін), бөтеннің мүлкін ұрлау 9,7% (3967-ден 3583-ке дейін), қорқытып алушылық 19,2% ( 26-дан 21-ге дейін), бұзақылық 28,7% ( 275-тен 196-ға дейін) азайды.

Сонымен қатар, бұрын қылмыс жасаған азаматтармен қайтадан қылмыс жасау 62,6% (1364-тен 510-ға дейін), кәмелетке толмағандармен 17,6% (85-тен  70-ке дейін), мас күйінде және есірткі заттарын қолданып қылмыс жасау 28,5% ( 857-ден  613-ке дейін), топпен қылмыс жасау 14% (451-ден 388-ге дейін), қоғамдық орындарда қылмыс жасау 5,3% (1912-ден 1811-ге дейін) азайды.

Есірткі заттарымен байланысты қылмыстардың 6,9% (145-тен  155-ке дейін), алаяқтықтың 4,2% (521-тен 543-ке дейін) өскендігі байқалды.

Қылмыстардың ашылуы 3,3%(89,8% /86,9%) өсті.

Мектеп жарғыларына өзгеріс енгізу арқылы жалпы білім беретін мектептерде қымбат телефондарды пайдалануға тыйым салынды.

Малдарды және ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 46 дерегі, сондай-ақ қаланың базарында көрсетілген өнімдерді заңсыз сатудың 2 дерегі анықталды.

Қала және аудандық бөлімшелерде мобильді топтар құрылды, оның құрамында ветеринария саласының қызметкерлері қосылды. Олар малдарды және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөлік құралдарын, сату орындарын тексереді. Нәтижесінде ветеринария саласының заңнамасын бұзу туралы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес 14 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 9 сауда орны мен дүкендер тексерілді, бұл жерлерде 97 жасау орны мен ұсталған телефондарды сату орындарының бар екендігі анықталды, оның ішінде 15-і жоғалған және ұрланғандардың тізімінде тұр.

Криминалды полициямен ұсталған телефондарды сатумен айналысатын барлық тұлғалар тіркеуге алынды.

Абонент құрылғыларының IMEI-коды бойынша жұмысын тоқтата тұру тәжірибесі жасалуда. 123 мобильді құрылғының қызметі тоқтатылды.

Жеке меншік иелерінің шотынан 382 бейнебақылау камералары, сигнализацияға-6, домофон-328, коды бар кілт-46 қондырылды, күзеті бар тұрақ-4, пультті күзетке -39 коммерциялық объектілер тапсырылды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен жергілікті атқарушы органдармен құқық бұзушылықтың алдын алуға 27 млн.теңге бөлінді; 440 жаңа жұмыс орын ашылды; 24 тұлға жұмысқа орналасты; кірісі төмен 6 отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде облыс аумағында ұрлық 12% (3967-тен 3583-ке), мал ұрлығы 36,9 % (279-дан 176-ға) азайды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.