You are here

Әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарға жататын тұлғаларға заңсыз салық есептелген

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы талдау барысында салық төлеушілер болып табылмайтын әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарға жататын тұлғаларға заңсыз салық төлемдерін есептеу фактілерін анықтады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекстің 373, 403-баптарына сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер жер және мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

Тек 2016 жылдың өзінде салық төлеушілер болып табылмайтын 4 мыңнан астам адам жалпы 5 млн. теңгеге салықты негізсіз төлеген, оған қоса оларға 4 млн. теңгеден астам салық берешегі есептелген.

Облыстық прокуратураның заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен аталған санаттағы тұлғаларды салық берешегінен босатуға шара қабылдануда.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.