You are here

«Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды» - 394027081

Орал қ. прокуратурасымен 2013-2017ж. арналған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасын жүзеге асыруда заңдылық пен тиімділіктің сақталуын тексеру барысында «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МҚК (әрі қарай - Ветеринариялық станция) жетекшісі К.Н.Тулеушевпен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі анықталды.   

2014-2015 ж.ж. «Жайыкплемсервис» ЖШС (әрі қарай-Серіктестік) ірі қара малдың аналық мал басын жасанды ұрықтандыру үшін мемлекеттік бюджеттен 1 361 297 теңге (соның ішінде 2014 ж. - 1 083 650 теңге, 2015 ж. - 277 647 теңге) бөлінген.   

Жұмыстарды жүзеге асыру үшін Серіктестік Ветеринариялық станциямен шарт жасасқан.

Қалалық прокуратураның қызметкерлерімен ұрықталған ірі қара малдың иелерінен жауап алу барысында анықталғаны, К.Н.Тулеушевтың нұсқауы бойынша Ветеринариялық станцияның қызметкерлерімен аталған жұмыстар жалған орындалған.

Сол себепті, а.ж. 6 сәуірінде қалалық прокуратурамен аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚР ҚК) 361 бабының 1 бөлігімен тіркеліп, тергеуді ұйымдастыру  үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.    

Орал қалалық сотының а.ж. 22 тамызындағы үкімімен Тулеушев К.Н. ҚР ҚК-нің 361 бабының 1 тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 369 баптың 1 тармағымен (қызметтік жалғандық жасау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен не сол арқылы алынған қаражаттарға табылған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, нақты түрде бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.