You are here

Қылмыстық-сот қадағалауы 2017 жылдың 6 айында атқарылған жүұмыс нәтижелері бойынша баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураның мемлекеттік айыпты қолдау бойынша қызметі заңды шешім енгізуді қамтамасыз етуге бағытталды.

Түрме тұрғындарының санын азайту бойынша жүргізілген жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жазалау 27,5 % азайды.

151 күдікті тұлғамен қатысты процессуалдық келісім жасалынып, олар тиісті жазаларын алды.

Жемқорлық қылмыстары бойынша 17 тұлға сотты болды. Оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 8 (47%); білім саласында – 2 (11%); әкімдік қызметкерлері – 2 (11%); басқалары - 5 (29%) құрайды.

Жемқорлық қылмыстары үлес салмағы бойынша пара алу және сенімді теріс пайдалану қылмыстары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында жиі болып отыр.

Сотталған 17 тұлғаның 8-не бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 4-не бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалып, оларға қатысты Рақымшылық Заңы қолданылып негізгі жазадан босатылды. Қалған тұлғалар қатысты 6.2 млн. айыппұл салынды. Қазіргі кезде барлық айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша соттармен 7 жеке қаулы шығарылды. Прокурорлық шара қолдану арқылы 4 тұлғаға қатысты сот үкімдері заңға сәйкес қаралды.

Сотта мемлекеттік айыпты сапалы қолдағаны үшін Орал қалалық сотымен 2 жеке қаулы шығарылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.