Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заңның түзетулері талқыланды | Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заңның түзетулері талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен облыстық мәслихат ғимаратында барлық құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған Заңнаманы түсіндіру бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Жалпы түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық – процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің 300-ден астам баптарына енгізілгені аталып өтті.

Енді, ірі және аса ірі залал (1,2 млн. теңгеден кем емес) келтіргені үшін сотталғандар өздерінің әрекетін қайта саралауға және жазасын төмендетуге мүмкіндігі пайда болды.

 Бұл көп жағдайда бөтеннің мүлкін иемденіп алу, алаяқтық, автокөлікті айдап кетумен байланысты істер. Аса ауыр қылмыстар, оның ішінде жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға өзгерістер енгізілген жоқ.

Айыппұлдың ең төменгі көлемі  1 202 500–ден 481 000 теңгеге (500-ден 200-ге дейін АЕК) азайды. Сот іс бойынша мән-жайды және кінәлінің материалық жағдайын есепке алып, айыппұлдың мөлшерін ең төменгі көлемге дейін азайта алады.

Айыппұл төлеуді 1 айдан 1  жылға дейінгі  мерзімде кейінгі қалдыру институты қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының конструкциясы өзгерді.  Енді, лауазымды тұлғамен билікті теріс және асыра пайдалану, қылмыстардың жалпы диспозициясымен қаралып, аталған қылықтар қосымша саралауды қажет етпейді.

Адам өлімімен байланысты емес, онша ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша, баламалы жазалау ретінде алғаш рет қоғамдық жұмыстар енгізілді.

 Пробациялық бақылау мерзімі 1 жылдан 6 айға дейін азайтылды.

Абайсызда жасалған, күш қолдану арқылы жасалған қылмысты қоспағанда,  қасақана қылмысы үшін 2 жылға (бұрын 1 жылға дейін) сотталғандар қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтейтін болады (қоныс қолониясы).

Күзетпен ұстау шарасын қолдану азайтылады, басқа бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігі кеңейеді. Тұрғылықты мекенжайының болмауы күзетпен ұстауға негіз болмайды.

Кепілдің ең төменгі мөлшері 1,5 есеге азайды. Депозитке 72 мың теңге салған тұлғаға, кепіл қолданылуы мүмкін. Аса ауыр  қылмыстар бойынша 1,2 млн.теңгеден кем емес сомманы кепілге салу қарастырылған, бұл сомма мән-жайларға байланысты жоғарылауы мүмкін.

Сотталғандар өз жазасын неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру мәселесінің қаралу қорытындысына қарамастан, сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатпен жүгіне алады. Түзетуге дейін сотталушы жарты жыл күтуі қажет еді.

Облыс прокуроры Заңға енгізілген барлық толықтыруларды түсіндіргеннен кейін, заңнама талаптарын есепке ала отырып, барлық қылмыстық істерге, үкімдерге ревизия жүргізуді, олардың қайтадан тез  қаралуын, олар бойынша заңды шешім қабылдануды тапсырды.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.