You are here

Қоғамдық тәртіпті тиімді нығайту үшін

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қоғамдық тәртіпті тиімді нығайту үшін - 1641526531

Батыс Қазақстан облысының жергілікті полицейлік қызметінің қызметкерлері Құқық қорғау органдары академиясында білім алатын болады.

Ынтымақтастық туралы тиісті меморандум бүгін Әкім облысы Алтай Көлгінов пен Академия басшысы Наиль Ахметзакиров арасында жасалды.

Полицейлер тұрғындармен тікелей байланыс жасауда. Адамдардың өз учаскелік инспекторын қаншалықты құрметтейтіні көп жағдайда қызметкердің өзіне байланысты.

«Әр өңірде өзінің қызметтік парызын адал атқарып жатқан полиция қызметкерлері аз емес екеніне сенімдімін. Біздің Президентіміз «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын іске асыру арқылы нақ осындай адамдар туралы айтуды ұсынады. Ол қоғам өзінің өмірі мен игі истері арқылы Қазақстанның даңқын асқақтатып жатқан бүгінгі күннің қаһармандары, біртуар замандастары туралы білуі үшін жасалып жатыр», - деп атап өтті Наиль Ахметзакиров.   

Бүгінде мақтан тұтуға лайықты погон таққан адамдардың істері туралы нақты мысалдар бар.  

Солардың бірі Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Бостандық ауылының учаскелік инспекторы Әділбек Ғазизов. Ол адамдармен жеңіл тіл табыса алу, тыңдау және кеңес бере алу қасиеті, оларға бей-жай қарамауы  арқылы осындай жетістікке жетті. Бұл оның ең алдымен адамдардың сеніміне ие болуына мүмкіндік берді. Сондықтан өңірде құрылған жергілікті полицейлік қызметті басқару осы азаматқа тапсырылғаны таңғалдырмайды.

Батыс Қазақстан полициясында өзге де қаһармандар бар. Ол өрт кезінде адамды құтқарып алған аға лейтенант Әбілқайыров пен қолында қаруы бар ұрыны ұстаған аға сержант Нұғманов.

Тиімді жұмыс жасауға кедергі етіп отырған объективті себептер де бар. Полицейлерге коммуникативті дағдыларды, шешендік шеберлікті, психология мен конфликтология негіздерін, көшбасшылықты ешкім үйреткен жоқ.

Сол себепті учаскелік инспектор әр уақытта адамдармен оңайлықпен байланыс орната алмайтынына, оның тұрғындармен кездесуден қашатынына, өзіне деген ыңғайсыз сұрақтар мен сыни ескертулерден қорқатынына, агрессивті күйдегі азаматтармен қалай сөйлесу керектігін білмейтініне таңғалудың қажеті жоқ. Алайда бүгін нақ осы дағдылар заманауи полицейлерге өте қажет.

Сондықтан жаңа форматтағы полицейлерді тәрбиелеу бойынша арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді. Онда кризистік жағдайларды қоса алғанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету курстарының тақырыбы қарастырылған.

Оқытудың заманауи формалары мен әдістері, дәрістер, нақты мысалдар мен жағдайларды талқылай отырып, алған білімдерді практикада қолданып көру мен бекітуді қамтитын практикалық сабақтар қарастырылған.

Облыс әкімі атап өткендей, жергілікті полицияның міндеті қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар жергілікті полицейлік қызметтің тиімді жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасап, оның құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету, соның ішінде қызметкерлерді қызметтік үйлермен қамтамсыз ету мәселелерін шешуге ат салысып жатыр.

Сондай-ақ Академияның жергілікті полицейлік қызмет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысуы оның алдына қойған міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Алтай Көлгінов келісімнің жүзеге сәтті асуын тілеп, Батыс Қазақстан облысының жергілікті полицейлік қызметі алдағы уақытта барлығына үлгі болатынына сенім білдірді. 

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.