You are here

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстегі жаңа өзгерістер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты.

Басты жаңалықтардың бірі әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді.

Енді соттың қаулылары Жоғарғы Соттың Төрағасы мен Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасының бастамасымен қайта қаралуы мүмкін.

Бұл үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші, олардың заңды өкілдері, қорғаушылары, заңды тұлғалардың өкілдері Жоғарғы Сотқа ұсыныс енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Мұндай құқық орталық мемлекеттік органдарға да берілген.

Ұсынуды енгізу туралы өтінішхат Әкімшілік кодекстің 848-бабында көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Бұл ретте процеске қатысушылар міндетті түрде өтінішхаттарда мыналарды көрсетуі қажет:

- қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатынын;

-  қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;

-  қаулы құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатынын.

Мұндай талаптар кассациялық наразылық келтіру туралы прокуратура органдарына берілетін өтінішхаттарда да көрсетілуі тиіс.

Аталған негіздер Әкімшілік кодекстің 851-бабының 5-бөлігіне сәйкес Жоғарғы Соттың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін ерекше жағдайлар болып табылады.

Заңның талаптары 2017 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.    

Бас прокуратураның

әкімшілік істер бойынша

сот актілерінің заңдылығын

қадағалау бөлімінің бастығы                                                         А. Чорманов

                   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.