You are here

«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 212343624

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы маңызды бағыттардың бірі кезекші прокурордың кабинеті болып табылады.

Сол себепті, қалалық прокуратурамен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауға ерекше мән беріледі.

Батыс Қазақстан облысы прокурорының бастамасымен Орал қаласының прокуратурасы халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде кезекші прокурорды бағалаудың жаңа өлшемін дайындап, енгізді, оның аясында қылмыстық сот ісін жүргізу саласында туындаған кез келген сауалдар бойынша қарапайым азаматқа ашықтық, айқындылық және қол жетімділік қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта кезекші прокурор кабинетінің тиісті жұмыс істеуі, соның ішінде ол орналасқан қылмыстық қудалау органының мүддесі, тергеуге, сондай-ақ азаматтарға олардың мәселелерін жедел шешу жолымен уақтылы көмек көрсету арқылы қамтамасыз етілді.

Қазір біз азаматтардың полицияда олардың шағымдарын тыңдап, заң бұзушылықтарды жойып, сол жерде кеңес беретін прокурордың бар екендігін біледі деп батыл айта аламыз.

Бұл ретте, кезекші прокурор ең алдымен:

- сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуінің және олардың тергелуінің заңдылығына;

- азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына (алып келген немесе ұстаған сәттен бастап, т.б.);

- арыз-шағымдардың, соның ішінде прокуратура органдарында да, азайтылуына бағытталған.

Осы алға қойылған тапсырмаларға қол жеткізу үшін Орал қалалық Ішкі істер басқармасының (әрі қарай-ІІБ) ғимаратының холында (ІІБ кезекші бөліміне қарсы), азаматтарға жақын болу үшін кезекші прокурордың кабинеті ашылды.

Сонымен қатар, ғимараттың бірінші қабатында 3 ашық тергеу кабинеті ашылып, қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу барысын бейнежазба арқылы жақындары қарау үшін холдағы үлкен экранға шығарылды (ІІБ ғимаратындағы олардың туысқандарының болуы туралы азаматтардан сауалдар туындаған ретте).

Барлық тергеу әрекеттері кезекші прокурордың кабинетінде орнатылған және он-лайн режимде жұмыс жасайтын, пернетақтаны басу арқылы теледидар экранына шығарылады.

Сөйтіп, кезекші прокурорға тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан кабинеттерге кірудің қажеттілігі жойылды, себебі барлық әрекеттерді монитор арқылы қарай отырып, заң бұзушылықты анықтаған ретте дереу ықпал етіледі.

Оның мақсаты – қылмыстық процесті оңтайландыру әрі жеделдету, заманауи технологияларды енгізу арқылы азаматтардың қорғалуын арттыру, азаматтарды заңды сақтауға шақыру, олардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін тудыру, жағымсыз және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын, құқықтық мемлекет қалыптастыру тікелей оларға байланысты екендігін түсіндіру.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 1474802734
«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 740561883
«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 838385399
«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 304327044
«Кезекші прокурор халыққа қызмет көрсету офисі шеңберінде» - 1073859138

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.