You are here

Кезекші прокурор.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдалығын қадағалау бойынша қызметі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бағытталған.

Осыған байланысты, Орал қалалық ІІБ-да прокурорға арналып жасақталған бөлмеде кезекші прокурор жұмыс жасайды.

Кезекші прокурор уақытша ұстау изоляторына, қызмет бөлмелеріне тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, бейнекамераны қолдану және бақылау арқылы әкімшілік ұсталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін тексерістер жүргізеді.

Қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарына келушілерді бақылау және фотосуретін қоса отырып, электронды есепке алудың базалық мәліметтеріне талдау жүргізеді.

Азаматтарды қабылдайды, олардың мәселелерін шешеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне құқықбұзушылықтардың заңды тіркелуіне және 3 тәулік ішінде процессуалдық шешімдердің уақтылы қабылдануына тексеру жүргізеді, осының нәтижесінде прокуратура органдарына шағымдардың келіп түсуі 7,8% (342-тен  315-ке дейін) азайды.

Бұдан бөлек, 18.04.2017ж. бері Орал қ. ІІБ-да «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» атты жоба жүзеге асырылуда.

Құқық бұзушылықтың ашылуына және тергеп-тергеудің жүргізілуіне жауапты  8 анықтаушы мен 2 жедел қызметкерден топ құрылды.

Осыған ұқсас жұмыс облысымыздың барлық аудандарында енгізілуде.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.