You are here

Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» заңының мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бөкей ордасы ауданының прокуратурасында «Жаңа сотқа дейінгі пробация заңының мәселелері» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте аудандық ішкі істер бөлімінің басшылық құрамы, ішкі істер бөлімінің тергеу, анықтау, криминалдық топтарының қызметкерлері және аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заң бұзушылықтың орын алынуына жол бермеу бағытында пікір-алмасу.

Жиналысты ашқан аудан прокуроры Н.Е. Байменов өткізіліп жатқан семинар- кеңес азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда орасан зор рөл атқаратындығын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кемшіліктерге жол бермеудің тиімді шараларын қолдану және тергеу барысында заңсыз әрекеттерге жол бермеу және оны ескерту туралы міндеттемелерді қабылдады.

Құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс тәжірибесімен, аталған санаттағы істерді тергеудің дағдысымен алмасты. Аудан прокуратурасының прокуроры Н.Саматов жаңа сотқа дейінгі пробация баяндамасы бойынша істерді тергеудегі ерекшеліктерге тоқталды.

Аудан прокуроры кеңесті қорытындылай келе, сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға: кәмелетке толмағандарға; мүгедектерге; әйелдерге: елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге; жүкті әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге; ерлерге: алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге; үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылатындығын, сонымен қатар, сотқа дейінгі пробация өздеріне үйқамақ немесе күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға қатысты қолданылмайтындығын түсіндірді.

                      Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.