You are here

«Қауіпсіз жаз» акциясы бастамаға алынды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қауіпсіз жаз» акциясы бастамаға алынды. - 713361990

Қалалық прокуратурамен жүргізілген талдау барысында анықталғаны, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жиі жасалады.

Профилактика және аталған жағымсыз тенденцияны төмендету мақсатында Орал қаласының прокуратурасымен уәкілетті органдармен бірлесе отырып «Қауіпсіз жаз» акциясы бастамаға алынды.

Аталмыш акцияның мақсаты мектептер мен колледж оқушыларының назарына жазғы демалыс мезгілінде:

- су айдындарында, өрт немесе өзге де төтенше жағдайларда;

- құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын;

- велосипедтер мен ұялы телефондардың ұрлығына баса назар аудара отырып, қырағы болуларын түсіндіру болып табылады.

Себебі балаларға қатысты ұрлықтың заты ретінде басым көпшілігінде велосипедтер мен ұялы телефондар болып табылады.

Орал қ. ІІБ мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың наурызы мен мамыры аралығында 53 велосипед ұрлығы орын алған. Олардың ішінде тек сәуір айында ғана 26 ұрлық және мамыр айының 7 күнінде – 17 ұрлық тіркелген. Бұл ретте, азаматтармен қалдырылған 18 велосипед үй подъездерінен ұрланған.

Көктемгі – жазғы мезгілдердің келуімен балалар велосипедтерін балалар алаңдарында және өзге де орындарда қараусыз қалдырады. Аталған заттар кейін ұрлықтың объектісі болады.

Аталған акцияның аясында төтенше жағдайлар және ювеналды полиция органдары қызметкерлерінің санынан қаладағы барлық білім беру мекемелері қамтылатын болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.