You are here

«Еңбек - пробациялық бақылау шарты ретінде» тақырыбында облыстық Форум өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Еңбек - пробациялық бақылау шарты ретінде» тақырыбында облыстық Форум өткізілді - 901490414

2017 жылғы 11 қазанда облыс прокуратурасы мен облыстық соттың бірлескен бастамасы аясында «Еңбек - пробациялық бақылау шарты ретінде» тақырыбында облыстық Форум өткізілді.

Форум сотталғандарды еңбекпен қамтуды ынталандыру тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.

Бұл Форум прокуратура, сот, пробация қызметі, сондай-ақ әкімдік өкілдері мен жұртшылық тарапынан қолдау тапты.

Жыл сайын сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен облыс кәсіпорындарындағы (3-тен 5%-ға дейін) жұмыс орындарының квотасы бекітіледі.

Пробация қызметімен сотталғандар еңбек биржасына  жіберіліп, әрмен қарай оларға жұмысқа жолдама беріледі. Бұған қарамастан, көпшілік ұсынылған жұмыстан бас тартуда.

Себептері әр түрлі, бұл төменгі еңбекақы (35-40 мың теңге), олардың жұмыс орнында қалуға ынтасының жоқтығы. Сотталғандар ішімдік ішу мен ұрлық жасауды жалғастырып, жұмыстарын тастайды.

  Нәтижесінде тек ағымдағы жылы пробация қызметі есебінде тұрған 45 жұмыссыз сотталғандар қылмыстық жауапкершілікке қайтадан тартылған.

Форум қорытындысы бойынша барлық қатысушылардан қолдау тапқан нақты ұсыныстар дайындалды.

Мемлекеттік айыптаушылар сотты бағыттап, ал соттар үкім шығаруда  бас бостандығынан айырылмаған сотталғандардың бір ай ішінде жұмысқа орналасуын міндеттейді.

Егер сотталған дәлелсіз себептермен жұмыс жасамай, ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, бұл пробациялық бақылау шарттарының бұзылуы ретінде  бағаланады және сотталғанды бас бостандығынан айыру орындарына жіберуге негіз болады.

Сотталғандар егер жұмыс жасамайтын болса, түрмеде болатындығын білетін болады.

Мұндай пробациялық бақылау шарттары жұмысқа орналасуға, отбасыға материалдық көмек көрсетуге, жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеуге ынталандырады.

Өз кезегінде еңбекке ынталандыру жұмыс жоқтығы себебінен жасалатын қайталап жасалатын қылмыстарды болдырмауға кепілдік береді, аталған санаттағы біздің отандастарымыздың масылдық бағыттағы көз-қарастары проблемаларын шешеді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.