You are here

«Экономикалық қылмыстар»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Барлығымызға белгілі, экономикалық қылмыстар мемлекетке, азаматқа және мекемелерге ауқымды түрде материалдық шығындар келтіреді. Әрбір елдің экономикалық қауіпсіздігі, ең бастысы, мемлекеттің экономикасын жағымды дамуына бағытталған.

Экономикалық қылмыстардың баптары Қылмыстық кодексінің 8 Тараумен белгіленген. Олар, заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз несие алуы, салық төлемнен жалтару, жалған ақша, экономикалық контрабанда және т.б.

Бүгінгі күнге дейін облысымызда 40 экономикалық қылмыстар тіркелген, олардың көбінесе, жалған есепке алу – бақылау маркаларын жасауы (15), салық төлемдерді төлеуден жалтаруы (5),  жалған ақша (4), несиені мақсатсыз пайдалану (4), жалған кәсіпкерлік (4 – алынып тасталғанға дейін) және т.б.

Ахуалды және таратылған экономикалық қылмыстардық түрлерінің бірі бұл салық және кеден төлемдерді төлеуден жалтаруы болып табылады, олардың заңсыз қызметінен мемлекетке келтірілетін залалдың мөлшері миллиардтармен есептеледі.

Мемлекетке келтірілген залалдың барлық сомасы 1 млрд. теңгеден астам, оның ішінен өтелгені – 580 млн.теңге. Кінәлі тұлғалардың мүліктеріне 183 млн.теңге көлемінде тыйым салынды. Негізгі сомасы салық және кеден төлемдерді төлеуден жалтаруы қылмыстардан құралады, яғни 532 млн.теңге, өтегені – 205 млн.теңге.

Сотқа 16 қылмыстар бойынша 10 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде 10 тұлғаға қатысты 9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты, 1 қылмыстық іс сотта қаралуда.

Қазіргі күнде ахуалды  қылмыстардың бірі – бұл Қаржылық пирамида.

Яғни, Орал қаласының (Аsia Мall) және Бөрлі ауданы Ақсай қаласының (Эдельвейс) сауда үйлердің ішінде «Questra World» кеңселер бар екендігі тексеріспен анықталды. Бұл ұйымның кеңселері жабылды.

Аталған компанияның жұмысшылары ықтимал клиентерге консультация беріп, атап айтқанда, сайтта шоттарды тіркеуге көмектесіп, «Банк Центр кредит» АҚ арқылы ақша қаражатының аударылуына ықпал еткен.

Осының негізінде, ағымдағы жылдың мамыр айында «Questra World» қызметінде қаржылық пирамида белгісінің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп – тексеруі басталды. Әрі қарай, қылмыстық іс негізгі қылмыстық іспен бірге тергеу үшін ҚР ІІМ-ге жолданды.

Электронды төлемдердің дамуына байланысты нарықта бұл құралдарға қаржыны инвестициялаудың пайдасы туралы ұсыныстар көп. Алайда, оны қалай жасауды барлығы бірдей білмейді.

Алаяқтар осы жағдайларды пайдалануда. Қаржылық пирамидалардың адал ұйымдардан айырмашылығы неде?  

Біріншіден, олар жаппай адамдарды үлкен пайдаға кеңелуге уәде беріп тартады. Мұндай кірістілікті бантер де, басқа ұйымдар да қамтамасыз ете алмайды. Бұл үрей тудыру қажет.

 Екіншіден, олар көп жағдайда шет елдерде тіркелген, құрылтайшылары белгісіз, ақшалар шет елге шығарылады.

   Олардың өкілдері алынған қаржыларды қалай табатындығы мен оларды қайда салу туралы нақты және анық түсіндіре алмайды. Оның орнына сіз мықты әріптестері мен жобалары туралы дайын әңгімелер естіп, сізге әдемі буклеттерді  көрсететін болады.

Үшіншіден, олар әрдайым сізбен жаңа клиенттерді тартқаныңызды қолдап, ол үшін сізге қосымша табысты уәде етеді.

Барлық бұл белгілер сіздің Қазақстанда қызметі мен жарнамасына тыйым салынған қаржылық пирамидаға тап болғаныңызды көрсетеді (ӘҚБтК 150-бабы, ҚР ҚК 217-бабы).

ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫ азаматтарды мұқият болып, өздерінің жинақ ақшаларын аферисттерге сеніп тапсырмауға шақырады. Күмәнданған жағдайда, ақшаны салмастан, алдымен құқық қорғау органдарына жолыққан жөн.

Осымен бірге, ҚК-тен 215 бапты (жалған кәсіпкерлік) ізгілендіруге дейін қылмыстардың анықтауына және залалды өтеттіріуіне жеткілікті жұмыстар атқарылды (анықталған залалдың мөлшері 440 млн.теңге, өтелгені – 370 млн.теңге).   

2017 жылы шілде айының ортасынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 03.07.2017 жылғы ҚР-ның Заңымен Қылмыстық кодекстен 215 бап (жалған кәсіпкерлік) ізгілендірілді, яғни алынып тасталды.

Алайда, ізгілендіруіне дейін кейбір әділетсіз кәсіпкерлер жалған кәсіркерлермен ойдан шығарылған шарттарды жасасу арқылы салық төлемінен төлеуден жалтарды. Басқаша айтқанда, атқарылған секілді жұмыстары үшін жалған шот – фактура, үстеме және т.б. құжаттар жасалған, сөйтіп өздерінің өзара есеп айырысуын көрсете отырды.

Мұнымен бірге, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасағаны үшін кәсіпкерлік субъектілердің қылмыстық жауаптылығы Қылмыстық кодексінің 216 бабымен көзделеді.

Бұдан басқа, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару қылмыстар бойынша кінәлі тұлға, егерде іс-әрекетті алғаш рет жасаған және берешекті өз еркімен төлеген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.