You are here

«Е – Қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Е – Қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды» - 362084460

Елбасының цифрлық технологияларды елімізде дамытуға қатысты Жолдауын іске асыру шеңберінде қаланың ішкі істер органдарында және БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен дайындалған, «Е – Қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды. 

Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатыларын, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуден бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін қамтиды.

«Қылмыстық процесті цифрландыру халық үшін сезімтал мәселелердің қатарын шешуге, сондай-ақ дәлелдемелерді жинақтау және процессуалдық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге, іс материалдарын бұрмалау тәуекелін, тергеу және сот органдарына жүктемелер мен материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді». 

«Электронды қылмыстық іс» не береді?

Ø Қылмыстық істі бұрмалауға жол берілмейді, ол жоғалмайтын болады;

Ø Қажетсіз қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді;

Ø Электронды форматқа көшкен соң істер тезірек тергелетін болады. Бағдарламада шамамен 100 процессуалдық құжаттың шаблондары бар. Соттың санкциясын электронды түрде алуға болады; 

Ø Талдау жүргізу блогы күшейтіледі. Әрбір іс неғұрлым мұқият қаралатын болады және бірыңғай тәжірибені республика аумағында форматтауға мүмкіндік туындайды; 

Ø Жәбірленуші, күдікті, сондай-ақ адвокат кез-келген уақытта онлайн режимде істің тергелу барысымен таныса алады;

Ø Электронды өтініштер жұмыс жасай бастайды. Егер тараптар тергеушінің әрекетіне шағымданған ретте, прокурор оның әрекетін дереу онлайн режимде тексере алады.

Бағдарлама қылмыстық істің материалдарына бөтен тұлғалардың, соның ішінде жүйе әкімшілігінің тарапынан, санкцияланбаған қол жетімділіктен жоғары дәрежеде қорғалған. Қылмыстық істің материалдарына қол жетімділік тек қана істі тергейтін тергеушіде және қадағалаушы прокурорда ғана болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.