You are here

Діни-экстремисттік идеологияны таратудың алдын-алу үшін жүргізілген жұмыстар туралы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен және дін басыларымен, теологтармен бірлесіп діни-экстремисттік идеологияны  таратудың алдын-алу жөнінде нысаналы жұмыс жүргізілуде.

Прокуратураның үйлестіруі барысында ақпараттық-насихаттық топтармен 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында 33 мыңнан аса адамды қамтитын  318 іс-шаралар өткізілді.

Бұқаралық ақпараттық құралдарда 378 басылым, соның ішінде 109 мақала, 53 теледидар мен радиода сөз сөйлеу, 216 интернет-ресурстарында материалдар жарық көрді.

Жекелеп алғанда, а.ж. 2 мамыр күні «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Руханият/Духовность» телебағдарламасы шеңберінде Дін істері  басқармасы мен облыс прокуратурасының өкілдері тұрғындардың дін саласындағы көкейкесті құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ бұл арнада апта сайын діни экстермизмнің алдын-алуға бағытталған «Ғибрат» бағдарламасы хабар таратады.

А.ж. 11 мамыр күні «ТДК-42» телеарнасында «Айтарым бар» ток-шоуында облыстың жергілікті атқарушы органдары мен прокуратура өкілдері,  дінбасылары мен қала тұрғындарының қатысуымен  «Теріс ағымның жетегінде, жат ағымның құрсауында құрықталғандар» тақырыбы қозғалған болатын.

А.ж. басынан Орал қаласында барлық батыс аймаққа таратылатын «Дүрбі» тақырыптық газетінің басылымы жарыққа шықты.  

Дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалының қатерлілігін халыққа жеткізу үшін Қазақ драма театрының аудандарға шығуымен «Жаннат» атты қойылымның көрсетілімі жүзеге асырылуда.

Аталған бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.