You are here

БҚО прокуратурасында Ата Заң күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасында Ата Заң күніне арналған салтанатты шара өткізілді. - 1563563802

Бүгін, облыс прокуратурасының ғимаратында облыс прокурорының орынбасарының м.а. Александр Цуранковтың төрағалық етуімен, Конституция күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Шараны аша отырып, Александр Васильевич Ата Заңымыздың маңыздылығын атап өтті. Негізгі Заңның нормаларының нәтижесінде тұрғындардың жағдайын арттыратын және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ халықаралық аренада республикамыздың абыройын көтеретін реформалар өткізілгендігін атап өтті.

Шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда үлес қосқаны үшін басқарма аға прокурорлары Б. Молғалиев пен Ж. Аймановқа, Орал қ. прокуратурасының бөлім бастығы А. Иманғалиевке, Ақжайық аудандық прокуратурасының аға прокуроры Д. Жұмановқа, Бөрлі аудандық прокуратурасының прокуроры К. Жаппаровқа, Шыңғырлау аудандық прокуратурасының аға прокуроры А. Салимовке, Бөрлі аудандық прокуратурасының аға прокуроры З. Құрмангалиеевке алғыс жарияланды. Салтанатты шара барысында, қызметкерлерден бөлек, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тәрбиелегені үшін қызметкерлердің ата-аналарына алғыс жариялау дәстүрге айналды. Осылайша, облыс прокурорының атынан: Дина Ракымғалиқызы Ракымғалиеваға, Мензипа Сапарғалиқызы Гусмановаға, Кашура Мұқтарқызы Әжғұловаға және Махамбет Зинекейұлы Гиззатовқа алғыс жарияланды.

Кейін, облыс прокурорының орынбасарының м.а. Ж. Ахметбек «Конституция-тұрақтылық кепілі» баяндамасын оқыды. Баяндамадан кейін Ата Заң мерекесіне арнайы даярланған бейнеролик тамашаланды.

Сонымен қатар, бүгін «Салтанат сарайы» ғимаратында мерекеге орай өткізілген салтанатты шарада басқарма бастықтары А. Сәтбаев пен Ж. Төлеевке облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.