You are here

БҚО прокуратурасында АЛҒАШ РЕТ «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» конкурсы өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасында АЛҒАШ РЕТ «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» конкурсы өткізілді. - 1631326889

15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының қызметкерлері арасында Ұлы ақын,  композитор, философ, аудармашы, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 172 жыл толуына орай  «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» атты байқау өткізілді.

Елбасының «Рухани Жаңғыру» атты жолдауында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп айтылды.

Шараның мақсаты қазақ тілін рухани және мәдени мұра ретінде насихаттау, Абайдың өлеңдері арқылы қазақ тілі мен әдебиетке дәріптеу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде- қатысушы өз таңдауы бойынша Абайдың 1 өлеңін мәнерлеп оқиды. Бұл кезеңде қатысушының өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігі, сахнада өзін ұстауы, аудиторияға өлеңді жеткізе білу шеберлігі бағаланады. Екінші кезеңде- қатысушыға ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының алдын – ала дайындаған 3 сұрағы қойылады. Ол сұрақтар Абайдың өмірі мен шығармашылығына және отбасына қатысты болады. Әрбір дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен есептеледі. Соңғы 3 кезеңде- қатысушы өз таңдауы бойынша Абайдың бір қарасөзін оқып, соған түсініктеме береді. Бұл кезеңде қатысушының Абайдың қара сөзінің философиялық мәнін түсінуі мен аудиторияға жеткізу шеберлігі бағаланады. 2-кезеңнен басқа кезеңдер қарапайым 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.

Шараға 8 қызметкер қатысты. Қазылар алқасында төраға ретінде Тәжіден Жүкенұлы Найманов, прокуратура органдарының ардагері Жеңіс Қапезұлы Қапезов, Журналистер одағының мүшелері жазушы «Жайық үні- Жизнь города»  газетінің бас редакторы Мира Хамзақызы Шүйіншәлиева, ақын Дариға Ғазезқызы Мұштанова қатысты. 

Байқаудың нәтижесінде «Абайтанушы» номинациясына Қаратөбе аудандық прокуратурасының прокуроры Райхан Мұқанова, «Көркем сөз шебері» номинациясына Бөкейордасы аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрат Саматов, «Қарасөз шебері» номинациясына Орал қ. прокуратурасының бөлімінің аға прокуроры Жандос Джубанов, 3 орынға Қаратөбе аудандық прокуратурасының іс жүргізушісі Бұлбұл Рысқалиева, 2 орынға облыс прокуратурасының іс жүргізушісі АидаТапишева, 1 орынға Тасқала аудандық прокуратурасының жетекші маманы Бақытгүл Ташимова, ал бас жүлдені облыс прокуратурасының басқармасының аға прокуроры Алия Денизбаева иеленді.

Барлық қатысушыларға грамоталар,  бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Бас жүлдені иеленген қатысушы Абайдың туған жеріне саяхаттау құқығына ие болды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

БҚО прокуратурасында АЛҒАШ РЕТ «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» конкурсы өткізілді. - 1058116790
БҚО прокуратурасында АЛҒАШ РЕТ «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» конкурсы өткізілді. - 439604537
БҚО прокуратурасында АЛҒАШ РЕТ «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» конкурсы өткізілді. - 1018171643

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.