You are here

БҚО аудан прокуроры «Үздік жас заңгер - 2018» атағын жеңіп алды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО аудан прокуроры «Үздік жас заңгер - 2018» атағын жеңіп алды - 1063648079

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуроры Равиль Мажитов 2018 жылы 28 тамызда Астана қаласында өткен Конституция күніне арналған республикалық конкурста «Заң ғылымдарына қосқан үлесі» номинациясында 2-ші орын алып, «Үздік жас заңгер – 2018» атағына ие болды. 

18 бен 40 жас аралығындағы 106 заңгер қатысқан «Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференцияда үш номинацияның: «Заң ғылымдарына қосқан үлесі», «Құқық шығармашылық қызметіне қатысу» және «Құқықтық білім мен ағартушылық» қорытындысы жарияланды.

Конкурсты ұйымдастырған – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, әріптестері Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, ҚазМЗУ университеті, Қазақстан заңгерлер қоғамы, Қазақстан криминология қауымдастығы.

Равиль Сидағатұлы Мажитов прокуратура органдарында еңбек жолын 2008 жылдан бастап, Орал қаласы прокурорының көмекшісінен Бас прокуратура қызметінің аға прокурорына дейін қызмет етті.

2018 жылдың ақпанынан бері Теректі ауданының прокуроры.

Тарих ғылымдарының кандидаты, құқықтану доценті. Прокуратураға дейін ғылыми-педагогиқалық қызметпен айналысқан, 40 астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде «Жаханша Досмухамедов - один из первых прокуроров-казахов» монографиясы, «Прокурорлық қадағалау актілерінің үлгілер жинағы» оқу-әдістемелік құралы.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына арналған ең үздік мақалалар байқауында «От эволюции конституционного законодательства к подлинной демократии» атты мақала үшін жеңімпаз атанды. 

Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының «Алаш автономиясына 100 жыл» және «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Равиль Сидағатұлын конкурстағы жеңісімен құттықтаймыз!Шалқар шабыт пен заңдылықты күшейтуде табыстар тілейміз!

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

БҚО аудан прокуроры «Үздік жас заңгер - 2018» атағын жеңіп алды - 1017241334
БҚО аудан прокуроры «Үздік жас заңгер - 2018» атағын жеңіп алды - 1698938912
БҚО аудан прокуроры «Үздік жас заңгер - 2018» атағын жеңіп алды - 1948634318

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.