You are here

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асуын тексерді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асуы кезінде заңдылықтың сақталуына тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде аталған бағдарламалардың іске асуы кезінде жүйелі түрде бұзушылықтардың орын алатындығын анықталды.

Басты проблемалардың бірі талдауды сапасыз өткізу және еңбек нарығының қажеттілгін сапасыз болжау болып табылады, нәтижесінде жекелеген азаматтар сұранысқа ие емес мамандықтарға оқуға жолданылады.

Соңғы үш жылда қысқа мерзімде кәсіби оқуға жұмыспен қамту орталығымен 3 933 азамат жолданды, ол үшін бюджеттен 625,9 млн.теңге бөлінді.

Алайда, оның 28% немесе 1 131 адам  жұмысқа орналасты, оның 300-ден астамы мамандығы бойынша жұмыс жасамайды.

Тексеріспен жұмыспен қамту туралы мәліметтің «жасанды» жоғарылату, ал жұмыссыздардың санын төмендетудің 61 фактісі анықталды.

Сонымен, еңбекпен қамтудың жеке картасында 2017 жылдың 1-30 аралығында жұмыссыз «Ф» деген азаматтың уақытша қоғамдық жұмысқа орналасып, жұмыссыздар есебінен алынған. Алайда, ол жұмысқа орналаспаған, қоғамдық жұмысқа тарту туралы келісімшарт жасалмаған, еңбекақысы, зейнетақысы және әлеуметтік ақылары төленбеген.

Қоғамдық жұмыс орындарына жалған орналастырудың 11 фактісі анықталды.

Сонымен, «Х» деген азамат аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, жылдың басында селолық округтің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілген, сол жерде 6 ай бойы жұмыс жасаған. Алайда, іс жүзінде аталған мерзімде Ақтау қаласының кәсіпорнында жұмыс жасағаны белгілі болды.

 Жекелеген азаматтарға негізсіз несие беру фактісі анықталды. Мысалы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелген «Н» есімді азамат кәсіпорынның директоры бола тұра, мемлекеттік қолдау шеңберінде 18 млн.теңге несие алған.

«Б» есімді жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік жұмыс орнын ашуы үшін  заңсыз несие алудың 9 фактісі анықталды. Іс жүзінде, ол әлеуметтік жұмыс орнын ашпаған.

Барлық (100-ге жуық) бұзушылықтар бойынша орын алған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі қойыла отырып, прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді.

Прокурорлармен 12 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.