You are here

«Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ бос прокурорлық лауазымдарға конкурс жариялайды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

090000 Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 23, телефон - факс 8 7112 503347, электрондық мекен-жай: 7112380@prokuror.kz, 7112306@prokuror.kz

Орал қаласы прокуратурасының қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысындағы және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры – 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 149434 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Орал қаласы прокуратурасының сотта азаматтық, әкімшілік істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және атқарушылық өндіріс бөлімінің прокуроры - 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 149434 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету;

-  атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- азаматтық, әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Орал қаласы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің прокуроры - 1 бірлік санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 149434 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- мемлекеттік айыптау жұмысы жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Зеленов, Қаратөбе аудандары прокуратураларының прокурорлары – әрқайсысына 1 бірліктен, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 149434 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету;

-  атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

- ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау;

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық, азаматтық, әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:

Білім – жоғары заңгер, құқық қорғау органдарына қызмет етуге жарамды денсаулық, қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті білік және дағды.

Қажетті құжаттар:

«Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына сәйкес:

1.Осы Ережелерге сәйкес нысандағы өтінішті;

2.Осы Ережелерге сәйкес нысандағы сауалнаманы;

3.Осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекен-жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс жасайтын телефонды көрсете отырып) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын;

4.Жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған толық өмірбаянын;

5.Жеке сәйкестіру нөмірі қамтылған Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

6.Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн;

7.Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;

8.Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9. 3х4 үлгідегі (3дана) сурет;

 10.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тестілеу бойынша төменгі мәні осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай Тестілеу бағдарламасында көзделген нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан кем емес дұрыс жауаптардан тұрады.

12.Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14. Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар осы хабарландыру БАҚ жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша хабарланады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.