You are here

Батыс Қазақстан облысында сотталғандарды әлеуметтік оңтайландыру бойынша жоба іске асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураның бастамасы бойынша ішкі саясат басқармасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде «Сотталғандарды қоғамдық өмірге қайтаруға ықпал ету бойынша алдын-алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу» атты жоба іске асырылуда.

Жоба бойынша сотталғандар үшін құқықтық сауаттылық, діни экстремизм мен терроризм мәселелері бойынша дәрістер оқу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаннан кейінгі оларға тиісті мемлекеттік әлеуметтік көмек жүйесі мен ережелерін түсіндіру, олардың арасында спорттық жарыстар өткізу көзделуде.

Жобаның мақсаты бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатырғандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Аталған жобаны іске асыруға «Азаматтық альянс ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен тартылған заңгерлер, теологтар, психологтар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және спорт мамандары қатысады.

 Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.