Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдық қорытындыланды | Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдық қорытындыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары талқыланған алқа отырысы өткізілді.

Прокурорлармен алты айда 600 мың азаматтың құқығы қорғалды.

Мектепке дейінгі 16 ұйымда тамақтандыру нормалары сәйкестендірілді, нәтижесінде 3 мың баланың құқығы қорғалды.

Заңсыз салық төлеп келген 276 мүгедекке 580 мың теңге қайтарылды.

Прокурорлардың бастамасымен 4 кәсіпорынның «Қарашығанақ ҚПО Б.В», «Жайықмұнай» ЖШС, «Өрт сөндіруші» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС еңбек шарттары қайта қарастырылды.

Екі денсаулық сақтау ұйымында диспансерлік тіркеу туралы анықтама беру ақысы негізсіз көтерілгені анықталды.

Мысалы, туберкулезге қарсы диспансерде бір анықтама құны 420 теңгегенің орнына 545 теңге, психо-неврологиялық диспансерде 350 теңгеден 410 теңгеге жоғарылатылған.  

1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді.

Бюджетке 320 млн. теңге, оның ішінде 96 млн. теңге мүлік және жермен қайтарылды.

Электр қуатының тарифі  2,5% төмендетілді (5,47 теңгеден 5,37 теңгеге).

Үйлестіру шаралары қылмыс санын 16% азайтты (6432 до 5385).

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» тапсырмасын орындау шеңберінде «Электрондық қылмыстық іс» жобасы іске асырылуда. Бүгінге дейін электрондық форматта 440 қылмыстық іс тергеліп, оның 180-і сотқа жолданды.

Түрме тұрғындарының санын азайтуға бағытталған жұмыс нәтижесінде қатаң жазалау 25,6% азайды.

48 сотталушының конституциялық құқығы қорғалды.

Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында колонияларда 10 кәсіпкер қызметін ашты. Олар 101 қосымша жұмыс орнын ашты. Нәтижесінде, жұмыспен қамтылғандардың саны 75% жетті.

Қадағалау актілерімен сот шешімдерін орындау саласында мемлекет пайдасына 94 млн. теңге өндірілді.

«Заңдылық» жүйесі арқылы соттың 8 үкімі заңмен сәйкестендірілді.

Алқа соңында электрондық сот өндірісін одан әрі дамыту және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалауды тиісті түрде ұйымдастыру міндеттері тапсырылды.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.