You are here

«Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасының жүзеге асырылуы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 1 маусымынан бастап республика аумағында «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» атты жобасы енгізілді.

Оның мақсаты- қылмыстық процесті қысқару және қарапайым ету, заманауи технологияларды енгізу арқылы азаматтардың құқықтарының қорғалуын арттыру.

Қылмыстық процесті қысқару және қарапайым ету- қылмыстық қылықтар туралы істерді тергеу және қарау мерзімін қысқарту.

Жоба енгізілген сәттен бастап 16 қылмыстық теріс қылық жеделдетілген тергеп-тексерумен, айыпталушы мен прокурор арасында 5 іс процестік келісіммен аяқталды.

Жәбірленуші, күдікті, куәгердің құқықтарын қорғау мақсатында, бейне, аудио бақылаулары бар арнайы жабдықталған тергеу кабинеттері ашылды.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, алдын алу үшін Орал қ. ІІБ-нің ғимаратында аудио, бейне камераларымен жабдықталған арнайы кабинеттер жұмыс жасайды.

Жобаны одан әрі іске асыру үшін осындай кабинеттерді Абай полиция бөлімі мен Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінде ашу жоспарлаған.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері мен заттай дәлелдемелерді алу кезінде бейнерегистратор қолданылады. Бұл жазбалар заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іс құжаттарына тіркеледі.

15 күн ішінде бейне регистраторды қолдану арқылы 33 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Кезекші прокурор полиция ғимаратында істерді зерделеп қана қоймай, ұсталған азаматардың заңдылығын тексереді, азаматтарды жедел қабылдап, олардың мәселелерін шешеді. 

Бұдан әрі, прокуратура органдарымен алдағы уақытта процесті жеделдету үшін «Электронды қылмыстық іс» жобасы қолға алынады.

Бұл жоба арқылы уақыт үнемделеді, арнайы рұқсаты бар азаматтар «online» режимінде қылмыстық істің құжаттарымен таныса алады, уақтылы өтінішхат бере алады, тергеушінің, прокурордың, судьяның шешімдеріне шағым келтіре алады. Процестің ашықтығы қамтамасыз етіліп, кабинет аралау мен сыбайлас-жемқорлықтың көріністері азаяды, мәліметтерді бұрмалау деректері, құжаттардың жүру сатылар жойылады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.