You are here

«Азаматтарды қабылдау орталығы» ашылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Шағым – мемлекеттік қызметкердің индикаторы» жобасының аясында бүгін облыс әкімі және прокурорымен Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының «Азаматтарды қабылдау орталығы» ашылды.

Азаматтарды қабылдау орталығы халыққа келесі қызметтерді ұсынуға дайын:

1) азаматтарды қабылдау және прокуратура органдарының құзіретіне жататын құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау;

3) облыс, аудан прокуратурасының басшыларына қабылдауға жазылу;

4) арыз-шағымдарды қарау нәтижесі бойынша мәлімет және жауаптардың көшірмесін беру;

5) прокуратура ғимаратына кіруге рұқсат беру және келушілерді қарсылап алу;   

2. Қызметтерді көрсету:

1) облыс прокуратурасының салалық қызметтерінің кезекші прокурорларымен;

2) облыс прокурорының өтініштерді қарау және іс жүргізу бойынша аға көмекшісімен;

3) кеңесші-консультантпен – іс жүргізу инспекторымен;

4) іс жүргізу консультантымен – іс жүргізу инспекторымен;

5) өткізу бюросының маманы және басқа да мамандармен;

6) өтініштерді қабылдау бойынша маманмен жүргізіледі.

Орталық қызметін жұмыс уақытында көрсетеді, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-дан сағат 18:00-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-14:30.

Сенбі күні Орталықта кезекші прокурор және өтініштерді қабылдау бойынша маман 10:00-12:00 сағат аралығында жұмыс жасайды.

Орталықта жұмыс уақытында тұрақты түрде 1, 2, 3 қызметтің жауапты қызметкерлері қабылдау жүргізеді.

Қажет болғанда залға басқа қызметтің қызметкерлері іс жүргізу бойынша консультантпен шақырылып, келген тұлғалар тиісті түрде қабылданады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.