You are here

«Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасының іске асырылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теректі аудандық прокуратурасы «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Алимент төлемдерін уақытылы төлемей жүрген 50 азаматпен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 7 тұлға 2 млн. 300 мың теңге алимент берешегін өтеді. 

Әңгімелесу кезінде борышкерлерге ҚР «Халықты жұмыспен қамту» Заңының 13 бабына сәйкес, жұмысы және (немесе) еңбек ақысы (кірісі) жоқ, өзіне жарамды жұмыс іздеп жүрген адам, жұмысқа орналасу үшін қолдау көрсету сұрап келген болса, тұрғылықты мекені немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» адресін көрсете отырып, қажетті құжаттер тізімдемесі бойынша құжаттар ұсына отырып, жұмыс іздеп жұрген тұлға санатында тіркеуге қойылатынын қаперіне жеткіземіз. 

Алимент төлеу міндеттерін орындамаған азаматқа ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты, Теректі аудандық прокуратурасы өз балаларына көмек көрсетпей, алимент төлемей жүрген борышкерлерге жауаптылыққа  тартылатынын ескертеді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.