You are here

«Алаяқтық қылмысы үшін жаза»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

29 қыркүйек 2017 жылы Орал қалалық сотымен полиция қызметкері У. «алаяқтық, яғни лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалана отырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен  бөтеннің мүлкін жымқыру және  адамды ауыр сыбайлас жемқорлық  қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан көрiнеу жалған сөз жеткiзу» қылмыстық құқықбұзушылықты жасағандығы үшін, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болды.

Сотпен анықталғаны, полиция қызметкері У. әкімшілік құқық бұзушы Ф. қатысты көлік құралын басқаруға құқық беретін куәлігін қайтаратының және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын айтып, 80 000 теңге талап еткен.

 Кейің, аталған сомманы У. өзінің қызметтік бөлмесінде алып, одан әрі өз қажеттігіне жаратқан.

          У. өзі жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсініп, қылмыстық құтылу мақсатында БҚО ІІД бастығының атына Ф. алған 80 000 теңгені өзіне иемденбей, пара ретінде әкімшілік тәжірибе инспекторлары З. мен А. апарып бергені  туралы көрінеу жалған арыз жазған.

Бұл ретте, соңғылар У. ешқандай ақшалай қаражат алмаған және оның қылмыстық әрекеттеріне ешқандай қатысты болмаған, сөйтіп, У. ауыр жемқорлық сыбайлас қылмыс жасады деп З. мен А. қасақана жала жапқан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Осы жасаған қылмысы үшін У. өзі сотталып қана қоймай, полиция капитаны арнаулы шенінен айырылып, артында жасөспірім баласы қалды.

Қылмыстың соңы жаза.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.