You are here

Адам ағзаларын сату бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарға жасалған талдау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарға жасалған талдау адам ағзаларын сату «көленкелі нарығы»  жылдан жылға өсіп келетіндігі және мұндай қадамға адамдарды ақшаның жетіспеушілігі (жұмыссыздық, несие төлей алмау және т.б.) итереді.

         Адам мүшесін сату жөніндегі хабарламаларды жариялау сайттарының жұмыс жасауы «жанынан безген» азаматтарды өздерінің ағзаларын сатуға хабарлармаларды орнатуға қызығушылық тудыртып, артынан денсаулықтарына зиян келтіріп, қылмысқа баруға мүмкіншілік береді.          

Осыған орай, Тасқала ауданының прокуратурасымен орнатылған тыйым салынған мәліметтерді анықтау мақсатында интернет-ресурстарға мониторинг жасалды.  

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағына сәйкес адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 116-бабына сәйкес тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. 

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылған, ал онда орналастырылған ақпарат бұқаралық ақпарат құралының өнімі болып танылады. 

Дегенмен, мониторингпен жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерді бұза отырып, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында пайдаланушылардың қол жетімділігі бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралы сайт http://kz24.net/ интернет-ресурсында адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сатып алуға-сату туралы хабарламалар орнатылған.

Заңның 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.

Заңның 14-бабының 4-тармағында көзделгендей, бұқаралық ақпарат құралының таралуына тыйым салу заңды күшіне енген сот шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады.

Сондықтан, 2017 жылғы 25 қыркүйектегі Тасқала аудандық сотының шешімімен аудан прокурорының өтініші қаңағаттандырылып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралған сайт http://kz24.net/ интернет-ресурсы заңсыз деп танылып, оның Қазақстан Республикасының аумағында таралуы тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.    

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.