You are here

2017 жыылғы 6 қыркүйекте өткен дөңгелек үстелдің баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін облыстық мәслихат ғимаратында облыс прокуроры С. Нұрпейісовтің төрағалығымен қылмыстық процесті оңтайландыру мәселесі талқыланған, жаңадан қабылданып күшіне енген «Прокуратура туралы» Заңының талаптары түсіндірілген дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар, мәслихат депутаттары, адвокаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қылмыстық процесті реформалаудың және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдірудің негізгі әдістері жан-жақты айтылды.

Елбасының тапсырмасы бойынша арнайы топ құрылып, оның құрамына Жоғарғы сот, әділет министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары кірді. ГФР, Ұлыбритания, Эстония, Грузия мемлекеттеріне іссапармен бару арқылы шетелдік тәжірибе зерделенді.

Спикерлер қылмыстық процесті және құқық қорғау органдарының қызметін реформалау жаңа кезең болып табылатынын атап айтты. Бұл бағыттағы жұмыс Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыс жасалды.

Жалпы алғанда бұл реформа қылмыстық процесте адам құқықтарын қорғауға, жарыспалылықты арттыруға, сот бақылауын кеңейтуге т.б. бағытталған.

 Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.