You are here

2017 жылғы 9 маусымда өткен Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2017 жылғы 9 маусымда өткен Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты - 712965704

Бүгін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ғимаратында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді. Оның барысында:

-  2015-2017жж. заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі;

-   Өңірдегі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кезіндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралары талқыланды.

Кеңеске құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен басшылары қатысты.

Облыс прокуроры Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов Үйлестіру кеңесін аша отырып, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін айтып өтті.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы облыс прокуратурасының 1 басқармасының бастығының м.а. Талғат Гайсаұлы Идрисов пен ішкі істер Департаментінің бастығының орынбасары Талғат Ахаев баяндады.

2015-2016ж.ж. 2017 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында шетелдіктермен 211 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке  4760 шетел азаматы тартылды.

Мемлекеттік шекарадан шетелдіктердің заңсыз өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпау, құқық бұзушылықты бұрыс саралаудан, құқық бұзушылық жасаған шетел азаматын Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс шығару бойынша уақтылы шара қабылдамаудан көрінген бірқатар бұзушылықтар бар екендігі аталып өтті.

Бұған, ішкі істер органдары мен шекара қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармауы, қызметтерімен тиісті ведомстволармен өзара нақты іс-қимылдың жоқтығы ықпал етіп отыр.

Батыс Қазақстан облысында 2017 жыл бойынша заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл және өңірдегі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кезіндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың Жоспары мақұлданды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

2017 жылғы 9 маусымда өткен Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты - 1167292215
2017 жылғы 9 маусымда өткен Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты - 193951096
2017 жылғы 9 маусымда өткен Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты - 960075097

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.