You are here

2017 жылғы 2 маусымда орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 2017 жылғы 2 маусымда «Подстепный-Федоров - РФ шекарасының» 77 шақырымында орын алған жол көлік апатында қаза болған азаматтардың отбасы мен тума-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

 4 адамның өмірін қиған, 10 адамға дене жарақатын келтірген оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі ережесін бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 Облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша 06.06.2017ж. қылмыстық іс облыстық ІІД-нің анықтау басқармасының өндірісіне қабылданды, қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

 Зардап шеккендердің мүліктерін ұрлау дерегі Бөрлі АІІБ-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Облыс прокуратурасымен қылмыстық істердің тергелуі бақылауға алынды.

Сонымен қатар, прокуратурамен жолаушылар, соның ішінде қалааралық тасымал барысындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заңдылығына талдау жүргізілуде. Талдаудың нәтижесі бойынша сәйкесінше шаралар қабылданатын болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.